Әйтеке би кентіндегі 13 көшені жөндеу үшін бюджеттен қаржы бөлінді
Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Әйтеке би кенті әкімдігінде мәжіліс өткізді. Мұнда Әйтеке би кенті бойынша көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстары, кентішілік жолдардың жағдайы, жер, сәулет және қала құрылысы нормаларының сақталуы, кент әкімі мен тиісті бөлім басшылары хабарлама жасап, проблемалық мәселелер ашық айтылды.
Басқосуда аудан басшысы мәжілістің негізгі мақсаты кент көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды талқылау екендігін айтты.
– Алда көктемгі көркейту-көгалдандыру, санитарлық айлығы келе жатыр. Қазір қар еріп, кенттің әр аймағында тұрмыстық қалдықтардың бей-берекет жатқандығын көріп жүрміз. Тазалық іс-шаралары мен жауапты мекеме-кәсіпорындарды бекітіп, жұмысты бастауымыз қажет, – деген Мұрат Нәлхожаұлы Әйтеке би кентінің инженерлік-инфрақұрылымын дамыту жұмыстары да күн тәртібінен түспейтінін жеткізді.
Өткен жылы инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген учаскелерден 347 адамға жер берілді. Екі ортадағы 441 гектар жер учаскесіне инфрақұрылым тартылуда. Бұл жұмыстар аяқталғанда 1500 адамға тұрғын үй салу үшін жер учаскесі беріледі.
Өткен жылы облыстық, аудандық бюджеттерден қаржы бөлініп, ауданда абаттандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілді. Бөлінген қаржыға сәйкес Әйтеке би кентінде көптеген жұмыстар атқарылды. Тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылып, балаларға ойын-сауық және спорттық тренажерлары бар алаңдар салынды.
Бұл жұмыстар биыл да жалғасады. Биыл Әйтеке би кентін абаттандыруға аудандық бюджеттен қаржы бөліп отырмыз.
Биыл кенттегі Р.Бағланова, Қ.Сәтбаев, М.Ғабдулин, Әбілқайыр хан, М.Мәметова, Қорқыт ата, 3 кварталдан Жаймұратов, Нұрила ана, Жәмет жырау, 4 кварталдан атауы жоқ 4 көшені жөндеу үшін бюджеттен қаржы қарастырылды.
Алғаш болып сөз алған Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров аудан орталығында атқарылған жұмыстарды тілге тиек етіп, әрбір қызметкердің міндеттер бөлінісін толыққанды айтып шықты.
Сондай-ақ, мәжілісте Әйтеке би кенті бойынша жер нормаларының сақталуы бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейітов, нысандардың сәулеттік келбеті мен құрылыс нормалары бойынша атқарылған жұмыстар бойынша аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Жомарт Сарабек, кентішілік қоғамдық көліктердің жүру бағыты, жиілігі, қызмет көрсету сапасына байланысты аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мұрат Ергешбаев әрбір тұрғын мен мекеме қызметкерлері кенттің тазалығына бей-жай қарамай, айналамызды таза ұстауға шақырды.

"Қазалы" ақпарат