Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күзгі санитарлық тазалық айлығы басталды

Күзгі санитарлық тазалық айлығы басталды

Ауданы әкімінің өкіміне сәйкес күз мезгілінде өтетін дәстүрлі санитарлық тазалықтың екі айлығы басталды. Тазалық маусымы Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті және ауылдық округтер аумағында 7 қыркүйек пен 9 қараша аралығында өтеді.

Алғашқы сенбілікке аудандағы мекемелер мен кәсіпорын ұжымдары, кәсіпкерлер мен тұрғындар біркісідей атсалысып, өз аумақтарына тазарту жұмыстарын жүргізді.

Мәселен қолдарына күректері мен айыр-тырмаларын алған дербес бөлім қызметкерлері Әйтеке би кентіндегі Т.Бөріқұлақов көшесі бойындағы 56 гектар жер учаскесіндегі ашық алаңды қоқыстардан тазартты.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ерлан Нұржаубаев осындай сенбіліктер жиі өткізілсе, ортақ үйіміз одан сайын көркейе түсетіндігіне сенім білдірді.

– Алғашында атшаптырым аумақты көргенде жұмыс көп сияқты көрінді. Бірақ, бәріміз жұмылып, қолымызға қажетті құрал-саймандарды алып іске кіріскенде біраз шаруа тындырылды. Біз бұдан ұтпасақ, ұтылмаймыз, – деген ол барша аудан тұрғындарын сенбілікке белсене қатысып тұруға шақырды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызмет
09 қыркүйек 2019 ж. 2 254 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930