Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайластық салғырттықты көтермейді

Сыбайластық салғырттықты көтермейді

Бүгінгі таңда экономикалық, әлеуметтік жағынан дамыған көпшілік елдердің барлығында дерлік өзекті мәселеге айналған тақырып сыбайлас жемқорлық және онымен күресу. Мұны болдырмау мен оның алдын алу Қазақстан үшін де өте маңызды болып отыр. Оның әр қоғамда, әр кезеңде де болғандығы ешкімге жасырын емес. Жемқорлық экономиканың дамуына кедергі келтіріп, ұйымдасқан қылмыс түрлерінің артуына әсер етеді. Бұл қоғам үшін де, жалпы бұқара халыққа да, мемлекеттік билік органдарына да өте қауіпті. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлық туралы заңын оқып отырсақ сыбайлас жемқорлыққа себепкер болатын, жемқорлық әрекеттерін жасайтын мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік атқарушы билік орындары ма дегенде ой келеді. Себебі қандай да бір құжат немесе анықтама алуға белгілі бір іс-әрекет жасауға рұқсаттама алу үшін және осы тектес басқа да көптеген жұмыстар атқаруға белгілі бір мемлекеттік құзырлы орган басшысының құжаттарға қол қойып, мөр басуы талап етіледі.
Сондықтан да болар осы сыбайлас жемқорлық туралы заңда мемлекеттік қызметкерлердің, лауазымды адамдардың міндеттері сыбайлас жемқорлық жасағандағы жауапкершіліктері мен алатын жазалары туралы нақты жазылған. Осы аталған заң Қазақстан Республикасының барлық аумағында жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы заң Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, ­республика азаматтары мен осында тiркелген заңды тұлғаларға да қатысты. Олай болса барлығымыз заң алдында тең екендігімізді түсінуіміз керек.
Қазіргі күні Қазақстан Республикасы экономикалық-әлеуметтік жағынан дамыған 50 елдің қатарына кіруді мақсат етуде. Бұған қол жеткізу үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Көздеген межеге жетіп, биік тұғырдан көріну үшін біздің елге біріншіден жастарға сапалы білім, қоғамға салмақты ұл мен қыз, оқу орындарына білімді де білікті ұстаз, билік басы мен мемлекеттік мекемелерге ісін жетік білетін, білімді де білікті, өзіне сенім артқан халқының қамын ойлап, жоғын жоқтайтын, өз басының «мәселесін» шешуге лауазымын пайдаланып, асыра сілтеуге жол бермейтін мемлекеттік қызметкерлер қажет.
Ел егемендік алғалы мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін бірталай нормативтік-құқықтық актілер бекітілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлық қоғам тұрақтылығына, мемлекеттік конституция негіздеріне қатер тигізеді, сол үшін сыбайлас жемқорлықпен күресу еларалық міндет», – деп атап көрсетті.
«Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК Оңтүстік-батыс аймақ филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Мекеме басшысының бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша жауапты тұлға бекітілді. Сонымен қатар мемлекеттік мекеме қызметінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытындағы іс-шаралар қабылданды. Ұжым мамандарымен жиналыс өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты жауапкершіліктері түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі заңдылықтарды оқып-үйрену, олардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарау, мемлекеттік сатып алуға байланысты заңдардың бұзылуына жол бермеу, белгіленген жоспарды орындауды қамтамасыз ету мәселелері тұрақты бақылауға қойылды.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Өз құзыреті шегі шеңберінде жемқорлықпен күресу азаматтық борыш саналады.
Мөлдір ЖҰМАХАНОВА,
«Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы»
РМҚК Оңтүстік-батыс аймақ филиалының
кадр ісі жөніндегі инспекторы
17 наурыз 2020 ж. 739 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 33

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930