Қызылорда облысында жыл басынан 39 жемқорлық қылмысы анықталды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 17 пайызға төмендеген. Бұл туралы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама» көрсеткіштері мен аймақтағы сыбайлас жемқорлық жағдайы бойынша баспасөз конференциясын өткізген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Б. Байхожаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама» көрсеткіштері мен аймақтағы сыбайлас жемқорлық жағдайы бойынша баспасөз конференциясын өткізген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Б. Байхожаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2018 жылдың бірінші тоқсанында аймақта сыбайлас жемқорлық сипатындағы 39 қылмыс тіркелсе, өткен жылдың осы кезеңінде 47 қылмыс анықталған болатын. Сыбайлас жемқорлықтың көріністерін төмендетуге қол жеткізу алгоритмінің басты бағдарламалық құжаты болып табылатын 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру Қызылорда облысында тиімді жүзеге асырылуда. Соның айқын көрінісі, соңғы жылдары облыс бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері төмендеген. Бұл сипаттағы қылмыстардың саны 2016 жылы - 145 болса, 2017 жылы 121 қылмыс болып отыр. Сондай-ақ жүргізілген сауалнамалар қорытындысына сәйкес, сыбайлас жемқорлық жағдайларына тап болғандардың да саны азайып отыр. Сауалнамаға қатысқан аймақ тұрғындары арасында 2016 жылы 26,4 пайызы, 2017 жылы 24,3 пайызы парақорлық көріністеріне кездескендерін айтқан.
inform.kz