Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтық борышымыздан айнымайық

Азаматтық борышымыздан айнымайық

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық және онымен күрес экономикалық, әлеуметтік жағынан дамыған көпшілік елдердің барлығында дерлік өзекті мәселеге айналып отыр. Жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу әрине аяғынан тік тұрып, жақсы қарқынмен дамып келе жатқан Қазақстан үшін де маңызды. Бұл мемлекеттің дамуына кедергі жасап, ұйымдасқан қылмыс түрлерінің артуына әсер ететін індет. Сондықтан қоғам үшін де, жалпы бұқара халық үшін де, мемлекеттік билік органдарына да өте қауіпті.
Сыбайлас жемқорлық туралы заңда мемлекеттік қызметкерлердің, лауазымды адамдардың міндеттері, жемқорлық жасағандағы жауапкершіліктері мен алатын жазалары туралы нақты жазылған. Осы аталған заң Қазақстан Республикасының күллi аумағында барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
Қазіргі күні Қазақстан дамыған 50 елдің қатарына кіруге талпынып жатқаны белгілі. Бұған қол жеткізуге көптеген жұмыстар атқарылып жатқаны қуантады. Әрине осындай биік тұғырдан көріну үшін бізге біріншіден жастарға сапалы білім, қоғамға салмақты ұл мен қыз, оқу орындарына білімді де білікті ұстаз, билік басы мен мемлекеттік мекемелерге өз ісін жетік білетін, білімді де білікті, өзіне сенім артқан халқының қамын ойлап, жоғын жоқтайтын, өз басының «мәселесін» шешу үшін қолындағы билігін пайдаланып асыра сілтеуге жол бермейтін мемлекеттік қызметкерлер керек.
Еліміз егемендік алғалы мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін бірқатар нормативтік-құқықтық актілер бекітілді. Елбасы айтқандай, «Сыбайлас жемқорлық қоғам тұрақтылығына, мемлекеттік конституция негіздеріне қатер тигізеді, сол үшін сыбайлас жемқорлықпен күресу еларалық міндет» болып отыр.
«Республикалық орман селекциялық орталығы» РМҚК Оңтүстік аймақ филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйелі жүргізіліп келеді. Мекеме басшысының бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша жауапты тұлға бекітілді. Сонымен қатар жемқорлықты болдырмау мақсатында іс-шаралар жоспары жасалды. Ұжым мамандарының жауапкершіліктері түсіндірілді. Осыған орай заңдылықтарды оқып-үйрену, олардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарау, мемлекеттік сатып алуға байланысты тәртіптің бұзылуына жол бермеу, іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету тұрақты бақылауға қойылды.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Онымен аяусыз күресу – баршамыздың азаматтық борышымыз.
Мөлдір ЖҰМАХАНОВА,
«Республикалық орман селекциялық орталығы» РМҚК оңтүстік
аймақ филиалының кадр ісі жөніндегі инспекторы.
17 наурыз 2018 ж. 1 323 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930