Сыбайлас жемқорлық – қоғам кеселі
Аудандық орталық кітапханада сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын-алу мақсатында « Адал жол - Честный путь» шарасы аясында Әйтеке би кенті әкімшілігімен бірлесе отырып іс – шара өткізілді.
Аталмыш шараға кітапхана оқырмандары мен аудандық кітапхана қызметкерлері қатысып, қоғамда белең алып бара жатқан жемқорлықты жою, оның алдын - алу мәселелері төңірегінде әңгіме қозғады. Танымдық шараға қатысқан Әйтеке би кенті әкімшілігінің құжаттамалық қамтамасыз ету және құқықтық жұмыстар бөлімінің заңгері Рахат Серіков қатысып, өркениетті дамытқысы келетін, ортасын құрметтейтін әр азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі екендігін, әрі ол әрбір азаматтың басты парызы екендігін айтып өтті.
Шара барысында « Адал жол - Честный путь» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттер бойынша шолу жасалынды.
Қазіргі таңдағы басты мәселенің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Бұған тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық елдің болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен әсерін тигізеді.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіреді. Жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
"ҚАЗАЛЫ"ақпарат.