Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлігі жарасып, берекесі тасыған

Бірлігі жарасып, берекесі тасыған

Бүгінде ауданның экономикалық жағдайы біршама жақсарып, жылдан-жылға құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Оларға қажетті өнімдерді шығаратын мекеме, кәсіпорындар сапалы қызмет көрсетуде. Солардың қатарында «LCI-MK» ЖШС-нің Қазалы филиалы жайлы айтуға толық негіз бар.

Осыдан 37 жыл бұрын Қазалы темір бетон бұйымдары мен конструкциялар зауыты салынып, іске қосылған болатын. Кеңестік жүйе тұсында Батыс Қазақстан теміржол басқармасының құрамындағы «Жолқұрылысы» тресіне қараған. Жалпы жылына он мың текше метр темір бетон бұйымдарын және конструкцияларды өндіре алады. Негізінен құрылысқа қажетті материалдарды әзірлейді.
2005 жылы «МО-1» ЖШС-нің құрамында №2 Қазалы бөлімшесі болып қайта құрылды. Кейін «LCI-MK» ЖШС Қазалы филиалына айналды. Қазіргі кезде берекелі кәсіпорынның жылма-жыл тапсырыс берушілері көбеюде. Соңғы технологиямен 18, 21, 24 метрлік автомобиль көпір құрылысына қажетті темір-бетон балкалары, құбырлары, жоғары кернеулі желіге арналған ВЛ10кВ бағаналар, сондай-ақ үй құрылысына қажетті темір бетон бұйымдары жасалады. Яғни шығарылатын өнімнің 400-ге жуық түрі бар.
Ауданның дамып, өркендеуіне қо­мақты үлес қосып отырған кәсіп­орынның білікті басшысы Сәбит Өтегенов Қазалы бөлімшесінің жұмыс көлемін арттыруға көп көңіл бөледі. Ол Шымкент қаласындағы химия-технология институтынан инженер құрылысшы мамандығын игерген. Алғаш еңбек жолын 22 жасында осы зауыттан бастады. Ең әуелі ОТК шебері, кейін бетон құюшылар бригадирі, еңбек қорғау мен техникалық қауіпсіздік инженері, бас инженер қызметтерін атқарды. 2005 жылы «МО-1» ЖШС-нің Қазалы №2 бөлімшесі болып қайта құрылған шақта бөлімшені басқарды.
2013 жылы мекеме атауы «LCI-MK» ЖШС-нің Қазалы филиалы болып өзертілгенде филиал басшысы лауазымына тағайындалды. Түрлі сатыдан өткен тәжірибелі басшының еңбектері еленіп, әр жылдары сый-сияпатқа бөленді.
Атап айтқанда, «Құрылыс саласындағы үздік кәсіпкер» дипломымен марапатталып, ІІ дәрежелі «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсының «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясының жеңімпазы атанды. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай аудан және облыс әкімдерінің Алғыс хатын иеленді. Ауданның құрылыс саласын дамытудағы жемісті еңбегі үшін құрылыс және коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы С.Нокинның Құрмет грамотасына қол жеткізіп, «Құрметті құрылысшы» төсбелгісін омырауына тақты. Сондай-ақ «Сапа көшбасшысы» Құрмет грамотасымен марапатталды.
– Өткен жылы жалпы сомасы 731,1680 млн теңгені құрайтын 16322,856 м3 темір бетон бұйымдары дайындалса, биыл 7 айда 758,662 млн теңгенің 8860 м3 темір-бетон бұйымдары әзірленді. Қаражат көзі қарастырылып қосымша құрылыстар салынуда. Ұзындығы 32 метрлік әрқайсысы 20 тоннадан көтеретін 2 кран құрылды. Жаңа 20 текше метрлік компрессор станциясы іске қосылды. 2017 жылы бу қазандығы цехына отын ретінде табиғи газды пайдалану, яғни газдандыру жұмыстары толық аяқталды. Қазір экологияға, адам денсаулығына нұқсан келтіретін көмірдің орнына газды пайдаланып отырмыз.
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап автомобиль көпір құрылысына қажетті ВТК-33У маркалы аралық құрылыс балкаларын құю технологиясы игерілді. Бұл күні Орал қаласындағы көпір құрылысына жөнелтіліп жатыр.
Қосымша техникалар мен қон­дырғылар алынды. Тапсырыс пен сұранысқа сәйкес жұмыс жүргізу қазіргі кезде заман талабы деуге болады, – дейді С.Рахметұлы.
Мекемеде 20-30 жылдық еңбек өтілі бар білікті мамандар қызмет етеді. Соның бірі – Жанұзақ Раев бас энергетик ретінде ішкі жұмыстың оңтайлы жүргізілуін қадағалайды. Сонымен қатар Сахитжан Әлиасқарұлы да жұмысты бозбала шақтан дәнекерлеуші болып бастап, бүгінде каркас құрастыру цехының шебері қызметін мінсіз атқаруда. Бұл күндері ол дәнекерлеушіліктің барлық қыр-сырын үйреткен әріптесі Қасқыр Сағымбаевқа ризашылығын айтудан жалықпайды. “Күнделікті таңертең 15 минуттық жиналыс жасаймыз. Жұмыс ережелері, қауіпсіздік шаралары түсіндіріледі. Цехта 12 адам жұмыс істейді. Мұнда Асқар Ыбырайым, Ақмарал Әбдіраманова, Бағдагүл Нысанбаева, Дәмегүл Мадир, Гүлнар Әлиасқарқызы, Мәмбетбек Өтепберген, Талғат Қанатбаев зауыт жұмысының тоқтаусыз орындалуына сүбелі үлес қосып келеді”, – дейді цех шебері.
Бас энергетик Жанұзақ Жетесұлы­ның айтуынша, зауытта 80-нен астам адам жұмыс істейді. Өндіріс ісінің іркіліссіз жүруі үшін зауыттың жұмысшы-қызметкерлеріне бар жағдай жасалған. Олар арнайы жаздық және қыстық жұмыс киімдерімен қамтамасыз етіледі. Күнделікті мөлшерге сәйкес зиянды цехтағы еңбеккерлерге сүт өнімдері беріледі. Жыл сайын 14 жасқа дейінгі балаларына тегін Алматы қаласына “Маралсай” демалыс үйіне жолдама дайындалады. Көзге түскен еңбек озаттары мен өз істерінің шеберлері атаулы күндері ескеріліп, марапатқа ұсынылады.
Осындай бірлігі жарасып, берекесі тасыған ұжымның болашағы зор екендігіне үміт артып, алдағы уақытта да қомақты жетістікке жетуіне тілекші болдық.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА



30 тамыз 2019 ж. 974 0

Мен таңдаған мамандық

30 қараша 2024 ж. 11

Отыз жылдық белес

30 қараша 2024 ж. 14

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930