Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда жол инфрақұрылымы жақсарып келеді

Қазалыда жол инфрақұрылымы жақсарып келеді


Биыл Қазалы ауданында барлығы 562,0 млн. теңгегежол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал келер жылы жалпы құны 5 млрд. 643 млн. теңгеге ұзындығы 141 шақырым болатын аудандық маңыздағы автомобиль жолдары мен елдімекен ішілік көшелер орташа және күрделі жөндеуден өтпек. Олар: «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей», «Өркендеу елді мекеніне кіре беріс-Жанкент, «Қожабақы-Бекарыстан би», «Басықара-Абай-Өркендеу» аудандық маңыздағы автомобиль жолдары мен Әйтеке би кентінің 68 шақырым болатын 55 көшесін жөндеу жұмыстары.
Сонымен қатар, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы аралығындағы автомобиль жолын қайта жаңғыртуға жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін облыстық бюджеттен 16,8 млн. теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр.
Осы автомобиль жолдары бойындағы көпірлерді жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ.Көптен бері өңірде шешімін күтіп келген маңызды сұрақтың бірі көпір мәселесі оң шешімін тапқанын жақсы білесіздер. Өткен айда «Әлсейіт» өткеліндегі темірбетон көпірінің құрылысы басталды. Көпірдің жалпы сметалық құны – 2 млрд. 791,346 млн. теңге. Биыл оның құрылысын бастауға республикалық, облыстық бюджеттерден 550,0 млн теңге бөлінді. Дарияның арғы бетіндегі 15 мың халық келер жылдан бастап төте жол арқылы аудан орталығына қатынайтын болады.
Сондай-ақ, жақында ғана «Бозкөл-Тасарық» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 22 шақырымындағы темір-бетон көпірінің құрылысы аяқталды.
Ал «Қожабақы-Бекарыстан би» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 25 шақырымындағы темірбетон көпірін қайта жаңғырту мәселесі де көп ұзамай шешілетін болады.
http://syrboyi.kz
05 желтоқсан 2017 ж. 1 732 0

Қысқы универсиада

19 қаңтар 2025 ж. 54

TikTok бұғатталды

19 қаңтар 2025 ж. 49

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031