Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 мың қызылордалық аудан орталығына төте жолмен қатынамақ

15 мың қызылордалық аудан орталығына төте жолмен қатынамақ

Биыл Қызылорда облысының Қазалы ауданында 560 млн теңгеге жол жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Келер жылы жалпы құны 5 млрд 643 млн теңгеге ұзындығы 141 шақырым болатын аудандық маңыздағы автомобиль жолдары мен елді мекен ішілік көшелер орташа және күрделі жөндеуден өтпек. Атап айтсақ, «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей», «Өркендеу» елді мекеніне кіре беріс-Жанкент, «Қожабақы-Бекарыстан би», «Басықара-Абай-Өркендеу» аудандық маңыздағы автомобиль жолдары мен Әйтеке би кентінің 68 шақырым болатын 55 көшесін жөндеу жұмыстары. Бұл бағыттарда облыстық бюджеттен 16,8 млн теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр.
Осы автомобиль жолдары бойындағы көпірлерді жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Көптен бері өңірде шешімін күтіп келген маңызды мәселелердің бірі көпір мәселесі оң шешімін тапты.
Сонымен бірге, «Әлсейіт» өткеліндегі темірбетон көпірінің құрылысы басталды. Көпірдің жалпы сметалық құны - 2 млрд 791,346 млн теңге. Биыл оның құрылысын бастауға республикалық, облыстық бюджеттерден 550 млн теңге бөлінді. Дарияның арғы бетіндегі 15 мың халық келер жылдан бастап төте жол арқылы аудан орталығына қатынайтын болады.
Сондай-ақ, жақында ғана «Бозкөл-Тасарық» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 22 шақырымындағы темір-бетон көпірінің құрылысы аяқталды. Ал «Қожабақы-Бекарыстан би» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 25 шақырымындағы темірбетон көпірін қайта жаңғырту мәселесі де көп ұзамай шешілетін болады.
www.kazinform.kz
11 желтоқсан 2017 ж. 1 744 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 72

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 76

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 59

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930