Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жұқпалы ауруға қарсы жұмыс жүйелі

Жұқпалы ауруға қарсы жұмыс жүйелі

Мал шаруашылығы – ел экономикасын көтеріп тұрған саланың бірі екені белгілі. Халықты табиғи, таза өніммен қамтамасыз етуде атқаратын рөлі ерекше. Алайда бұл төрт түліктің зиянды тұстары жоқ деген сөз емес. Қазіргі таңда осыған орай аудан бойынша 11 түрлі аса қауіпті жұқпалы ауруға қарсы ветеринариялық-профилактикалық, 3 ауруға байланысты диагностикалық іс-шаралар атқарылуда. Ауруға шалдыққан малға вакцина мен ветпрепараттар егу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Осыған байланысты аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Сапарбек Қуатовпен сұқбаттасқан едік.

– Қуатбек Қыстауұлы, ағымдағы жылдың алты айында атқарылған эпизоотиялық және энзоотиялық іс-шаралар туралы білсек. Жұқпалы аурудың ахуалы қалай?
– Аудан көлемінде эпизоотиялық ахуал тұрақты сақталуда. Өйткені ветеринариялық егу жұмыстары жүйелі жүруде. Мәселен, қазірге дейін құтыруға қарсы 2500 бас мүйізді ірі қара, 200 бас түйе, 2000 бас ит, 500 бас мысыққа екпе жасалды. Сондай-ақ аусыл ауруының алдын алу мақсатында 38770 мүйізді ірі қара, 108580 уақ мал, пастереллезге қарсы 5400 бас, сібір жарасына қарсы 23000 бас МІҚ екпе алды. 1200 жылқы мен 30000 бас МІҚ малдары туберкулезге тексерілді.
Сонымен қатар, 2019 жылдың 6 айында энзоотиялық ауруларға байланысты іс-шаралар жүргізілді. Атап айтар болсақ өттеу ауруына 13500 бас МІҚ, бауыр құртына 37500 ұсақ мал, сақау ауруына болдырмау үшін 11200 бас жылқы, қатпа ауруын жұқтыруы мүмкін 4000 түйе мен гастофилезге қарсы 5000 жылқыға вакцина егілді.
Бұдан бөлек адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті жұқпалы бруцеллез ауруын анықтау мақсатында 33674 МІҚ, 74806 уақ малдан қан алынды. Нәтижесінде бүгінгі күні 52 бас уақ мал анықталып, Түркістан облысындағы «Замин» серіктестігімен келісім шартқа сәйкес сойылып, әрі қарай қайта өңдеуге өткізілді. Мал иелерінің қоралары ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай залалсыздандырылды. Қайта өңдеуге жіберілген малдардың құны иелеріне өтеліп берілді.

– Аудан бойынша ауру ошағы саналатын аймақтар бар ма?
– 2017-2019 жылдар аралығында бруцеллез (сарып) ауруы тіркелген ауылдық округтерді зерделеп, өте қауіпті, қауіпті және тұрақты аймақтарға бөлдік. Зерттеу қорытындысымен Жанкент, Ғ.Мұратбаев, Әйтеке би кенті, Алға, Аранды, Қарашеңгел, Қызылқұм ауылдық округтері өте қауіпті аймақ деп танылды.
Өркендеу ауылдық округі бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың бағдаржолы жасалды. Онда Өркендеу ауылдық округінің әкімі, амбулаториялық емханалық қызметі бар аудандық орталық ауруханасы, Қазалы теміржол ауруханасы, аудандық ветеринариялық зертхана және жергілікті полицияға жұқпалы аурудың алдын алу үшін жасайтын жұмыстары бөліп берілді. Ғ.Мұратбаев ауылдық окугінде 4 бас уақ мал бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсетіп, 2 бас уақ малды ПТР әдісімен тексергенде оң нәтиже көрсетіп, эпизоотологиялық-эпидемиялогиялық тексеру жүргізіліп, эпизоотиялық картасы жасалды. Ауру мал тұрған орын, оны тасымалдаған автокөлік, сою барысында қолданылған құрал-жабдықтар залалсыздандырылды. Өкініштісі, жыл басынан бері аудан бойынша 16 адам бруцеллез ауруын жұқтырды.

– Төрт түліктен жұғатын ауруды түбегейлі жоюдың жолдары бар ма? Оны болдырмас үшін тексеру жұмыстары қаншалықты жиі жүргізіледі?
– Бруцеллез ауруын тоқтатудың тиімді жолы бруцеллез ауруынан сау малдарды мал иесінің қаражаты есебінен вакцинациялау болып отыр. Сондықтан Алматы қаласындағы «антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнында дайындалған Brucella melitensis Rev-1 штамынан қой мен ешкі бруцеллезіне қарсы тірі құрғақ вакцинасына тапсырыс бердік. Бірінші кезекте бруцеллез ауруы шығуы мүмкін ауылдық округтерге 20200 доза алдырылып, (Алға – 2300 доза, Аранды – 2400, Сарыкөл – 600, Қызылқұм – 1500, Бірлік – 1200, Қарашеңгел – 1800, Ғ.Мұратбаев – 700, Бозкөл – 2000, Басықара – 500, Көларық – 400, Құмижиек – 1000, Өркендеу – 2000, Майдакөл – 1000, Ақжона – 600, Арықбалық – 400, Қазалы қаласы 300, Сарбұлақ – 500 доза және Әйтеке би кенті 1000 доза) төлдерге де егу жұмыстары басталып кетті.
Жұқпалы ауру таралуының алдын алу мақсатында ішкі сауда қатарында сатылатын мал өнімдерінің ветеринариялық-санитариялық талапқа сай болуын қадағалауға арнайы маман бекіттік. Сүт өнімдерінің белгіленген орында сатылуын қадағалау мақсатында жұмысшы топ құрып, талаптың орындалуын үйлестірдік. 2019 жылдың 17 мамырында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, орталық базарда «Қауіпсіз тағам» атты акция өткіздік. Онда Сібір жарасы, құтыру, бруцеллез және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан сақтану жайындағы үнпарақтар таратылды. Ал ветеринария мамандары ауылдық округ тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.

– Малды немесе мал өнімдерін сыртқа және ішке жеткізу, сату оқиғалары бөлім тарапынан қадағаланады ма?
– Бөлім тарапынан ауданға сырттан тасымалданатын, аудан ішіндегі және басқа өңірлерге тасымалданатын ауыл шаруашылығы жануарларына қатаң бақылау орнатылған. Үстіміздегі жылдың басынан бүгінгі күнге дейін ауданға сырттан 477 бас МІҚ, 94 бас уақ мал әкелінді. Олар сәйкесінше дер кезінде карантинге қойылып, ветеринариялық бақылаудан өтті. Сондай-ақ ауданнан 618 МІҚ, 287 уақ мал, 2107 жылқы, 81 түйе малдары экспортталды. Бұл бағыттағы жұмыстар Қазалы АІІб-нің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлерімен бірлесіп жүргізілуде. Рейд барысында ілеспе құжатсыз мал және мал өнімдерін тасымалдаған 4 жеке тұлғаға айыппұл салынғанын айта кеткен жөн.

– Ауруды жоюда мал қорымдарының маңызы ерекше. Қазіргі таңда аудандағы мұндай нысандардың техникалық жағдай қалай?
– Аудан бойынша бүгінгі күні қала, кент және ауылдық округтердегі мал өлекселерін тастайтын 6 мал қорымы (биотермиялық шұңқыр) типтік жобада салынып, жұмыс істеп тұр. Оның ішінде Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, Құмжиек, Арықбалық ауылдық округтеріндегі нысандар аудандық ветеринариялық станция теңгеріміне берілді. Ал Сарыкөл және Шәкен ауылдық округінде салынған мал қорымдары әкімдіктен ветеринариялық станция теңгеріміне алуға құжаттар дайындалуда.
Сонымен қатар Ғ.Мұратбаев, Қөларық ауылдық округтеріне мал қорымын салу үшін аудандық бюджеттен 41129,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда Көларық ауылдық округі бойынша «Мелиоратор» ЖШС, Ғ.Мұратбаев ауылдық округі бойынша «Ай-Скан» ЖШС жеңімпаз болып, тиісті жұмыстарды атқаруда. Бұдан бөлек облыс әкімі бекіткен тірек ауылдық елді мекендердің тізбесіне енген Өркендеу ауылдық округіне 1704,0 мың теңге қаржы бөлініп, «АСП Абу-Нұр» ЖШС жеңімпаз атанып, жоба сметалық құжаттары дайындалуда.

– Қаңғыбас иттер мен иесіз мысықтарды жою туралы не айтасыз?
– Құтыру, лейшманиоз, эхинококкоз сияқты тағы да басқа аурулардың жұқтыру көзі болып табылатын иесіз иттер мен мысықтарды жою жұмысы күн тәртібінен түскен емес. Сондықтан бүгінгі күнге дейін 2580 ит пен 456 мысық ауланып, жойылды. Сондай-ақ аудан бойынша 3632 ит пен 991 бас мысық есепке алынып, құжаттандырылған.

– Ашық әңгімеңіз үшін рақмет!
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

13 тамыз 2019 ж. 2 105 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930