Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жол апатынан зардап шеккендерге берілетін сақтандыру төлемі көбеймек

Қазақстанда жол апатынан зардап шеккендерге берілетін сақтандыру төлемі көбеймек

Фото: Ru.freepik.com

Мәжілісте Қазақстанда жол апатынан зардап шеккендерге берілетін сақтандыру төлемін көбейту туралы заң жобасы талқыланып жатыр. Биыл көлікке келген зақым үшін төлемнің ең жоғарғы сомасы 2 миллион 359 мың теңге болса, құжат мақұлданған жағдайда бұл сома екі есе артады. Бұл туралы Stan.kzақпараттық агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Депутаттар көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынды. Құжатқа сай апаттан жарақат алғандарға 1 миллион 179 мың теңгеге дейін, мүгедектік алғандарға 4-13 миллион теңгеге дейін өтемақы төленуі мүмкін. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балалар жарақат алса – 8 миллион, адам қаза тапқан жағдайда 16 миллион теңге берілмек. Бірақ сақтандыру компаниялары бұл ұсыныспен келіспейді.

“Сақтандыру компаниялары жыл сайынғы тарифті өткен жылғы шығын статистикасына қарай белгілейді. Біздің есебіміз бойынша егер жол апатынан зардап шеккендерге төленетін өтемақы төлемі екі есе артса, жарна мөлшері де сол шамада қымбаттайды. Өйткені төлем ғана өссе, сақтандыру компанияларының шығыны көбейеді. Сондықтан компаниялар төлем жасау үшін жеткілікті қаражат жинау тиіс. Қазір орташа төлем мөлшері 650 мың теңге болса, жаңа өзгерістер енгізілсе ол 1 миллион теңгеден асады”, – деді сақтандыру компаниясының басқарма мүшесі Александр Тулешов.

Жаңа бастамаға қатысты қоғам пікірі де екіге бөлінді.
“Мен сақтандырудың ақшасын көбейтумен келісемін. Өйткені адамның өмірі – ең бастысы”, “Ол дұрыс емес, біз салық, басқасын төлеп жатырмыз. Ол тағы екі есе көбейсе, елге қиын болады”, “Қолдаймын, бұл қаржылай қолдау ғой”, “Қарсымын, өйткені кей адамдар жол апаты болмаса да төлеп жатады. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын”, – дейді қазақстандықтар.

Ал көлікке келген залал үшін өтемақыны 4 миллион теңге 718 мың теңгеге дейін өсіру жоспарланған. Бірақ бұл нақты шешім емес. Құжат мәжіліс мінберінде әлі де талқыланбақ.
14 қазан 2025 ж. 119 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 120

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 122

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 82

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 94

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031