Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1-11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жөніндегі бірыңғай нұсқаулық әзірленуде

1-11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жөніндегі бірыңғай нұсқаулық әзірленуде

Бұл бастама мектеп оқушыларына арналған кәсіби бағдар берудің бірыңғай тәсілін қалыптастырып, олардың болашақ кәсібін анықтау жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Фото: iStock
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Адами капиталды дамыту және кәсіби бағдар беру орталығында жалпы білім беретін ұйымдарда кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруға арналған кезеңдік нұсқаулықты әзірлеу мақсатында жұмыс тобының қызметі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Нұсқаулық бастауыш сынып мұғалімдеріне, пән педагогтеріне, сынып жетекшілеріне және кәсіби бағдар беру мамандарына арналған. Онда іс-әрекеттің нақты алгоритмдері, сабақтардың үлгілік сценарийлері, ата-аналар мен әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимыл формалары, сондай-ақ кәсіби бағдар жұмысының нәтижесін бағалау және мониторинг жүргізудің бірыңғай талаптары қамтылады.

Жұмыс тобының құрамына педагогтер мен кәсіби бағдар беру саласының мамандары, Оқу-ағарту министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Ұлттық білім академиясының ғылыми қызметкерлері кірді.
14 қазан 2025 ж. 228 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 248

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031