Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қала тынысымен танысты

Қала тынысымен танысты

Аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың елді мекендерді аралап, тынысымен танысып, жұртшылықпен кездесу сапары Қазалы қаласында жалғасын тапты. Аудан басшысы бірқатар әлеуметтік нысандар мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан көшелерді аралап, қаланың санитарлық-тазалығын көрді.
Алдымен ол Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейі мен Ғанибай үйін көрді. Қазалы қаласындағы республикалық санаттағы архитектуралық ескерткіштердің бірі – Ғанибай үйі. Халық арасында «Керуен сарайы» аталып кеткен бұл ғимаратқа реставрация жұмыстары жүргізіліп, қайта қалпына келтірілген болатын. Аудан әкімі тарихи маңызы жоғары мұндай ғимаратты күтіп ұстау жөнінде тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді. Одан соң Қазалы қаласындағы қайта жаңғырту жүргізіліп жатқан Ерлепесов, Мергенбаев, Уалиханов, Рахашұлы, Әйтеке би, Жалаңтөс батыр, Хегай Гер Сек, Бәкішев, Ж.Жабаев және Жақаев сынды 10 көшенің құрылыс жұмыстарын көрді. Биыл аталған 10 көшенің 5-еуі толықтай жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілмек. Осыған байланысты Алмасбек Әбілқасымұлы қала әкімі мен жауапты сала қызметкерлеріне жол құрылысының сапасын басты назарда ұстау керегін жеткізді. Аудан басшысы Қазалы қаласын аралау барысында мұндағы орталық саябақтарды, қаладағы басқа да көшелерді аралап, абаттандырылуы мен санитарлық тазалығына қатысы қала әкімі Қайрақбай Орынбасаровқа бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың келесі бағыты Әйтеке би кентіне ойысты. Ол кент көшелерін аралап, аудан орталығының тыныс-тіршілігімен танысты. Олардың қатарында әлеуметтік маңызы бар нысандар, сауда орындары, кәсіпкерлік нысандар, жол жөндеу жұмыстары бар.
Аудан басшысы алдымен аудан орталығындағы орталық алаңнан бастап теміржол вокзалына дейін жалғасатын Әйтеке би көшесінің бойын жаяу аралап, ондағы әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды, орталық базардағы сауда қатарларын көріп шықты. Кент әкімі мен кәсіпкерлік бөлімінің басшысына көше бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбетін қалыпқа келтіру, абаттандыру, санитарлық-тазалығын сақтау, түнгі жарықшамдарын ретке келтіру, базар маңындағы ретсіз орналасқан сауда қатарларын қалыпқа келтіру, орталық көшедегі жарықшам бағаналарын бояу мен бардерларды, ағаш түптерін әктеу, аяқ су арықтарын тазарту сынды бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ Әйтеке би кентіне қатысты берілген әрбір тапсырманың сапалы әрі мерзімінде орындалуын тікелей өзі қадағалайтынын жеткізді. Алмасбек Әбілқасымұлы биыл аудан орталығында жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелерді де көріп шықты. Аудан басшысы кент көшелерін аралау барысында келер жылға жөндеу жұмыстары жоспарланған Бәймішев, С.Аманов сынды көшелердің де жағдайымен танысты. Ол салаға жауапты орынбасары Мұрат Әбсұлтановқа аудан орталығына қатысты берілген әрбір тапсырманың тиянақты орындалуын қатаң бақылауда ұстауды ескертті.
Айта кеткен жөн, биыл Әйтеке би кенті бойынша жыл басынан бері 9 көшеге орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның бірқатары аяқталған. Жыл соңына дейін әлі де 7 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Айнұр ӘЛИ
14 қазан 2025 ж. 224 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031