Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 14 қазан күні ауа райы қандай болады

Қазақстанда 14 қазан күні ауа райы қандай болады

Синоптиктер болжамы жарияланды
Қазақстанда 14 қазан күні ауа райы қандай болады
Фото:
freepik.com
«Қазгидромет» РМК 14 қазанға, яғни сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде – Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстары жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей аймақтарда 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -14°С дейін төмендеуі мүмкін (әсіресе Павлодар мен Абайда), күндіз 0…6°С аралығында, оңтүстік аймақтарда 10-15°С дейін жылы болады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда – Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда өңірлерінде негізінен жауын-шашынсыз, ашық болады. Таулы өңірлерде тұман болуы ықтимал. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, Алакөл маңында 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде 3-12°С жылы, күндіз 16-28°С аралығында жылы болады.
Батыс аймақтарда – Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары жаңбырлы болады, кей жерлерде найзағай, тұман байқалады. Желдің бағыты жиі ауысып тұрады, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнгі температура 5-15°С, күндіз 15-23°С, кей өңірлерде 26°С-қа дейін жылынады.
Астанада күндіз 2-4°С шамасында жылы болады.



14 қазан 2025 ж. 428 0

Уақып - сарқылмас қазына

26 маусым 2026 ж. 97

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930