Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қорғаныс қызметі – қалқанмен

Қорғаныс қызметі – қалқанмен

Жақында ауданда қазан айының 12-21 күндері Қазалы ауданының аумақтық қорғаныс батальонымен «Қалқан – 2025» арнайы тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілуде. Осыған сәйкес, Әйтеке би кенттік мәдениет үйінің ғимаратында оқу-жаттығуға қатысатын аумақтық әскери міндеттілердің қатысуымен арнайы жиын өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов, Қызылорда облысы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі Нұрболат Сейітов және №99 215 әскери бөлімінің командирі Шайзатхан Абжапбаров бастаған бірқатар азаматтар қатысты. Жиында әскери міндеттілерге «Қалқан – 2025» арнайы тактикалық оқу-жаттығуның мақсаты түсіндірілді. Оқу-жаттығудың мақсаты – аудан халқын, аумақтық қорғаныс объектілерін және аумағын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында қарсыластың әрекеттерінен қорғау. Бүгінгі күнде ауданның әскери міндеттілерінен 91 қазалылық азамат оқу-жаттығуға қатысуда. Әскери жиынға шақырылған азаматтар 10 күн бойы Қазалы қаласындағы «Шағала» лагерінде орналасқан казармада тұратын болады.
«Қалқан – 2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы – бұл елдегі қауіп-қатерлерге дайындықты тексеру. Шынығу, дайындалу, тәжірибе алу. Ұйымдастырылған мұндай жиындар – жай ғана әскери дайындық емес, әскери міндеттілер арасында бірлікті, үйлесімділікті және жауапкершілікті нығайтудың құралы. Әрбір қатысушы ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі өз рөлінің маңызын түсінеді. Мұндай шаралар азаматтардың кез келген қатер жағдайында әрекет етуге дайын болуының кепілі.
Оқу-жаттығуға қатысып жатқан азаматтар теориялық білімін бекітіп, оқу полигонында атыс дайындығынан өтетін практикалық сабақтарға қатысады.
Айнұр ӘЛИ
14 қазан 2025 ж. 228 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031