Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Көмекейінен көп мөлшерде құрт табылды»: Атырау облысында түйелер қырылуда

«Көмекейінен көп мөлшерде құрт табылды»: Атырау облысында түйелер қырылуда

Бақташы А. Қасымовтың Айгүл есімді жары шілде айының ішінде өз бағымдарындағы 8 түйенің өліп қалғанын айтқан. Сондай-ақ, Ақкиізтоғай ауылынан да бірнеше түйе арам қатқан. Ал оған көршілес Бейнеу ауданында 50-ге жуық түйе мал болмапты.

Атырау облысына қарасты Құлсары қаласының маңында құрт ауруы салдарынан түйелер өле бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпараттық порталы, жергілікті «Кең Жылой» газетіне сілтеме жасап.
Газет редакциясына Гүлжан Қарағұлова есімді Құлсары қаласының тұрғыны хабарласқан. Оның айтуынша, жақында Жадырасын жайлауында жүрген түйесі өліп қалыпты. Аудандық ветеринария мамандарымен бірге оның өліп жатқан жеріне барып, акт жасатқан. Сол сәтте бақташы А. Қасымовтың Айгүл есімді жары шілде айының ішінде өз бағымдарындағы 8 түйенің өліп қалғанын айтқан. Сондай-ақ, Ақкиізтоғай ауылынан да бірнеше түйе арам қатқан. Ал оған көршілес Бейнеу ауданында 50-ге жуық түйе мал болмапты.
Аталған хатқа осы аптада Жылыой ауданы ветеринария және бақылау бөлімінің басшысы Д. Айтпенбет жауап берген. Оның мәлімдеуінше, Құлсары қаласына қарасты Жадырасын жайлауында түйе өлімі фактісі шілденің 15-інен бастап тіркелген.
«Өлген түйе малдарын жұқпалы ауруларға қарсы тексеру үшін шөптен, судан сынамалар алынып, ветеринариялық зертханаға жіберілген. Жұқпалы аурулардан таза екені анықталды. Өлген малдарды сойып қарау нәтижесінде, түйенің көмекейінен көп мөлшерде құрт табылуына байланысты, аудан көлемінде құрт ауруларына қарсы екпе жұмыстары жүргізілуде», – дейді бас мал дәрігері.

09 тамыз 2019 ж. 2 251 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031