Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылдан шыққан арлан

Ауылдан шыққан арлан

«Балаңды спортқа бер, шынықсын, шымыр болсын» деген сөздің астарында үлкен өмірлік мән жатыр. Шынымен шыдамның, табандылық пен тәртіптің мектебі саналатын спорт – жас ұрпақтың рухын шыңдайтын, ел намысын биіктететін қасиетті сала. Осындай спорт жолына түскен жас өрендердің бірі – Жанкент ауылындағы №104 орта мектептің 10-сынып оқушысы Ермұхаммед Іскендір.
Ермұхаммед – бала жастан белдесуге бейім, күрес өнеріне ынтық болған жас. Уақыт өте келе ол өз қабілетін жетілдіріп, ауылдағы спорт залдың тұрақты тәрбиеленушісіне айналды. Бүгінде ол грек-рим күресінен зор жетістіктерге жетіп жүр.
Жас балуанның табысқа жету жолында оның жаттықтырушылары – Әлизақ Мейірман мен Кеңшілік Есмұрзаевтың еңбегі ерекше. Олар Ермұхаммедтің бойындағы қайсарлық пен еңбекқорлықты дер кезінде танып, жүйелі жаттығу арқылы оны үлкен спортқа баулыды
Ұстаздарының ұдайы еңбегі мен Ермұхаммедтің табандылығының арқасында ол бүгінде Қызылорда облысының бес дүркін чемпионы атанып отыр. Бұған қоса, республикалық деңгейдегі бірнеше жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері атанған.
2025 жылдың 12 тамызы – Ермұхаммедтің спорттық өміріндегі ең есте қалар күндердің бірі. Сол күні Қостанай облысы, Денисов ауданында ауыл спортшылары арасында өткен грек-рим күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатында 45 келі салмақ дәрежесінде ол қарсыластарын қапы қалдырып, жеңімпаз атанды.Жерлестері үшін бұл жаңалық ауыл спортының биігін айқындап, жасөспірімдерге үлкен шабыт сыйлады. Жанкент ауылының жас спортшылары бүгінде Ермұхаммедке қарап бой түзейді.
Жас балуанның алдағы мақсаты – халықаралық аренада ел намысын қорғау. Жергілікті бапкерлер мен ауылдастары оның болашағынан үлкен үміт күтеді. Оның «Ең бастысы – тоқтамау. Күн сайын өзіңді жеңуге тырыссаң, жеңіс те сені табады» деген ұстанымы оның өмірлік қағидасына айналғандай. Ерен еңбегі мен ерік-жігерінің арқасында ол әлі талай биікті бағындырып, Қазақстан спортын жаңа белеске көтереді деген сенім зор.
Әлима НҰРАДИН,
№104 орта мектептің кітапханашысы
14 қазан 2025 ж. 227 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031