Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Айшықты акция: жаңа саябақ, 1500түп ағаш

Айшықты акция: жаңа саябақ, 1500түп ағаш

Өткен жылдан бері елдің барлық өңірінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынған науқанның мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және табиғатты қорғауға деген сүйіспеншілікті ояту.
Қоршаған ортаны көгалдандыруды басты мақсат еткен шара көпшілік тарапынан үлкен қолдау тапты. Аудан орталығындағы акцияға әрбір ұжым атсалысып, туған жердің жасыл желекке айналуына ерекше үлестерін қосты. Жақында экологиялық акция аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, барша аудан жұртшылығы туған жердің тазалығына белсене қатысты. Сенбілікте аудан ардагерлері, әйелдер және аналар кеңесі, жастар, орманшылар теміржол вокзалы алдындағы Әйтеке би алаңында, ардагерлер үйінің алдындағы саябақта, Жанқожа баба кесенесі мен Рәміздер алаңында, Қазалы қаласындағы Қарасақал Ерімбет атындағы саябақта ағаш көшеттерін отырғызу шарасын ұйымдастырды. Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов алдымен зиялы қауым өкілдерімен бірге аталған орындарда ағаш көшеттерін отырғызу акцияларына қатысып, аудан көлемінде ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарын аралады. Ауданда өткен жаппай сенбілік жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері мен тұрғындар, кәсіпкерлер бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде, саябақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
Айта кететін жайт, экологиялық акция аясында өткен тазалық жұмыстарына барлық елді мекендер бойынша 751 адам мен 8 техника жұмылдырылып 17,3 тонна қоқыс арнайы орынға шығарылды. Сонымен қатар ауданды көркейту-көгалдандыру мақсатында 1500 түп ағаш көшеттері отырғызылды.
Саябақ – тек жасыл желек емес, сол ортада тыныстайтын, демалатын, жүздесетін адамдардың үлкен қуанышы. Ауданға қарасты Жанкент ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясы аясында «Жиеней баба» атындағы саябақ ашылды. Саябақтың ашылу рәсіміне аудан әкімі Алмасбек Есмаханов арнайы қатысып, аймақты көркейту-көгалдандыру бағытындағы игі іске атсалысқан барша азаматтарға алғысын жеткізді.
– Саябақ ауылға көрік беріп, тұрғындардың демалысын, бос уақытын тиімді өткізуге таптырмас орын болатыны анық. Енді бұл саябақтың тазалығын сақтап, көркейтіп-көгалдандыру, абаттандыру жұмысын қолға алуымыз керек. Жаңа демалыс орнының ашылуы Президенттің «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жемісі. Туған өңірін көркейтуге атсалысып, игі шараның басы-қасында жүрген азаматтардың барлығына алғыс айтамын, – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Жанкент ауылының кіреберіс аумағынан ашылып жатқан жаңа саябаққа жарықшамдар, орындықтар, қоқыс жәшіктері, келушілерге арналған көлеңкелі орындар орналастырылған. Аудан әкімі зиялы қауым өкілдері мен саябақтың ашылуына жиналған жұртшылықпен бірге саябаққа ағаш көшеттерін отырғызып, көгалдандыру шараларына өз үлесін қосты.
Айшықты акция бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да үздіксіз жалғаса бермек.
Айнұр ӘЛИ
14 қазан 2025 ж. 98 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 108

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 110

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 82

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 87

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031