Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мейірім мен міндетті қатар ұстаған

Мейірім мен міндетті қатар ұстаған

Мейірбике – науқастың саулығына дәрігермен бірдей жауапкершілікпен қарайтын, мейірімі мол денсаулық жанашырының бірі. Дәрігер емінің нәтижелі болуы орта буын медицина қызметкері – медбикенің ем-домды уақытылы көрсетіп, өз міндетін мұқият әрі жауапкершілікпен атқаруына тікелей байланысты екені анық. Медицина саласындағы ауыр жүктің едәуір бөлігін арқалап, науқастардың дертіне дауа дарытуға атсалысып жүрген осындай ақ халаттылардың айнымас серігіне айналған жанның бірі – Дина Бисенбаева. Ол өзінің ғұмырының 40 жылға жуық уақытын халықтың денсаулығын түзету ісіне арнаған нағыз кәсіби маман.
Дина Досмырзақызы – мейірімі мен төзімділігі, өз ісіне деген жоғары жауаптылығы арқылы емделушінің дертінен айығуына үлкен септігін тигізетін маман. Ол қазіргі таңда Қазалы теміржол емханасында бірінші біліктілік санатымен жалпы тәжірибелік аймақ медбикесі қызметін абыроймен атқарып келеді. Оның айтуынша, ауданда мейіргерлердің біліктілігін арттырып, олардың сапалы қызмет етуіне барлық жағдай жасалған.
Жалпы тәжірибелік аймақ мейіргері – әр дәрігердің сенімді әрі бірінші көмекшісі. Оның жұмыс барысындағы негізгі міндеттеріне пациенттердің амбулаториялық қабылдауын ұйымдастыру мен науқастардың медициналық карточкалары мен басқа да құжаттарын мұқият жүргізу енеді. Ал қабылдау жүргізу үшін дәрігерді қажетті материалдар және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Дәрігерге дейінгі көмекті, оның ішінде профилактикалық тексерулерді жүргізу немесе оған қатысу мен шұғыл жағдайларда пациенттерді ауруханаға жатқызуды жедел ұйымдастырады.
Дина Досмырзақызы бірінші біліктілік санатын алғалы бері патронаж қызметімен де белсенді айналысады. Ол: «Патронаждық медбике – жаңа туған нәрестеге күтім көрсету үшін неонатальды күтім жағдайында және кішігірім медициналық процедураларды орындау үшін үйге келетін білікті медицина қызметкері» дейді.
Патронаж қызметінің маңызы зор. Оған нәресте өмір сүретін жағдайларды бағалау. Анасына гигиеналық шараларды дұрыс жүргізу (құлақтарын, мұрнын тазарту, тырнақтарын алу) туралы кеңес беру. Сүтті дұрыс сүзуді үйрету. Омырауды бала аузына салу бойынша кеңестер мен ұсыныстар беру, сүт бездерінің жағдайын бағалау кіретіндігін жеткізді.
Дина Досмырзақызы бұл қызметті қабылдауда отырумен қатар, үйлерді аралау арқылы да жүзеге асырады.
Бүгінде №3 жалпы тәжірибелік аймақ бойынша 1097 ересек пен 594 баланың денсаулығына жауапты. Денсаулық сақтау саласында қосалқы, елеусіз рөлдер жоқ. Адам өмірі мен денсаулығы үшін күрестің табысты болуы әрбір маманға, әсіресе орта буын қызметкерлеріне тікелей байланысты. Көп нәрсе медбикелердің қолында. Бірде-бір дәрігер сенімді тылсыз, яғни білікті мейірбикесіз тиімді жұмыс істей алмайды.
Әріптестері Дина Досмырзақызының ұйымдастырушылық қабілеті жоғары екенін, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, ыждағаттылықпен атқаратындығын ерекше атап өтті.
Дина Бисенбаева: «Мейіргер өз жұмысын жақсы көруі, біліктілігін үнемі арттыруы және бүкіл қоғамның игілігі үшін адал еңбек етуі керек» дейді. Медицинадағы ауыр жүкті арқалайтын негізгі буын ретінде Дина Досмырзақызы сынды медбикелер науқастарға көмектесуді алдыңғы кезекке қояды. Сондықтан да олардың сапалы ем алуын тікелей қадағалайтын, адам жанының жанашыры – мейірбикелердің еңбегі өлшеусіз.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
14 қазан 2025 ж. 289 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031