Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » 99 санын сарапқа салсақ...

99 санын сарапқа салсақ...

Бұл жолы біз 99 деген цифрға тоқталатын боламыз. Кейде өмірімізде бұл санды жаманға балап, балағаттау ретінде естіп жататынымыз анық. Дәл осы жылы туған жасөспірімдерге күлкімен қарайтындар да кездеседі. Ал, сол толықсып 18-ге толған жас өрендеріміз тоғыздықтардың астында туғанына кінәлі ме?! Әлде қос тоғыз расымен де сондай тым жағымсыз ба?! Жоқ, әрине. Керісінше.
Әлбетте, бұл біздің сандар әлемінің өзіндік қызық құпиясын білмегендігімізден болып отыр. Кейбір цифрдың астында туғандар үнемі бақытқа кенеліп, шалқып өмір сүрсе, енді басқалары жиі қиындыққа душар болып жататыны даусыз. Яғни, сандардың адам өмірінде ойнайтын орны орасан зор.
Ықылым заманнан қазақ халқы үшін тоғыз киелі сандардың қатарынан табылған. Тепе-теңдік белгісі болып табылатын тоғыздықтың салт-дәстүрімізде үлкен рөл атқарған. Мәселен, қызбала тұрмыс құрғанда жасауын тоғызға толтырған. Елімізде «тоғыз жолдың торабы», «тоғыз қабат торқа кию» деген тіркестер де жәй емес.
Қос тоғыздық қатар келіп, әр ана құрсағында баласын 9 ай, 9 күн көтеріп, оны өмірге әкелуі де тектен-тек емес екені айқын. Тіпті ислам дініндегі әр мұсылманның үш рет отыз үштен тәспих тартып, Алла Тағаланың 99 көркем есімдерін айтуының құпиясы тым тереңде жатқаны бесенеден белгілі.
99 саны адамның рухани дүниесіндегі таным-түсінігінің деңгейін көрсетеді. Қарапайым тілде түсіндірсек, Сіздің бүкіл іс-әрекетіңізді денеңіздің күші емес, ішкі жан-дүниеңізді ақылы жүзеге асырады. Ендеше осы жылы туғандар немесе тоғыздықтарға қатысы бар адамдардың барлығы рухани бай болып келеді. Яғни, өзін одан ары жетілдіріп, дамытып отырса, біраз жетістікке жетіп, биік белеске көтерілері сөзсіз.
99 санына байланысы барлар – есте сақтау қабілеті мықты, ақыл-ойы жетік, тіл үйренуге икемділігі зор жандар. Тоғыздықтардың қатар келген адамдар елімізде ғана емес, шет мемлекетте қомақты қаржы табуға мүмкіндігі мол екенін ұмытпағаны жөн.
99 санымен етене жақын тұлғалар әсте жүректің қалауын қадағалап отырады. Ал, жүрек махаббатқа, мейірімділікке, парасатқа толы болса, айналасына шексіз шарапатын тигізіп, кімге болсын пайдасын тигізіп отырады. Осылай бақытты өмір сүруге болатын көрсетіп, өзгелерге үлгі болыңыз.
Аталмыш санға қатысы барлар, Сіздер өздеріңіздің көшбасшы болумен қатар, ұстаздықпен айналысып, адамның жан дүниесін емдеу керектігін ұмытпағайсыздар. Өйткені, бұл Сіздің рухани және гуманитарлық міндетіңіз. Ешқашан көмек қолын созудан қашпаңыз, керісінше, барынша атсалысыңыз.
07 маусым 2019 ж. 1 557 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930