Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада әуежайдың қалаға кіре беріс бағытынан жаңа қақпа бой көтерді.

Қызылордада әуежайдың қалаға кіре беріс бағытынан жаңа қақпа бой көтерді.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында тоғыз жолдың торабында орналасқан сүйікті қаламыздың, әуежайдың қалаға кіре беріс бағытынан жаңа қақпа пайдалануға беріледі.
Қаламыздың сәулеттік келбетіне көрік берер, құны 65 млн. 598 мың теңге, биіктігі 10 метр, ені 18 метр болатын қақпаның құрылысын «Техоснастка - Ремсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.
Ұлттық нақышта салынған қақпа әртүрлі ою-өрнектермен бедерленіп, түнгі жарық шамдармен безіндірілген.
Былтырғы жылы, «УАД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен қаламызға облысымыздың оңтүстік және батыс аудандарынан кіреберіс зәулім де әсем қақпалар пайдалануға берілген болатын.
Осындай игі істердің жалғасы болған қақпаның ашылу салтанатына облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысып: «Халқымызда «Табалдырықтан биік тау жоқ» деген даналық бар. Ал әрбір қазақтың табалдырығы Алатаудан да биік. Сондықтан бүгін ашылған жаңа қақпа жақсылықтың бастауы болсын! Келер жылы Қызылорда қаласының 200 жылдығын атап өткелі тұрмыз. Сырттан келетін барлық меймандарымызды сән-салтанатымен күтіп алатын бас қақпанаң ашылуымен және санаулы күндерден кейін төрімізге енетін Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын», - деді.
Шара соңында ақсақалдар бата беріп, «Жолы болсын», «Сапары сәтті болсын» деген ақ ниетпен автокөліктер шеруі жүріп өтті.
Қала әкімінің баспасөз қызметі
26 желтоқсан 2017 ж. 2 460 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 72

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 76

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 59

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930