Биыл шаңырақ көтергендердің некесі берік болады – қазақстандық нумеролог
Қазақ халқы қашан да сандардың киесі не қасиеті бар деп сенген. Мысалы, үш артық, үш жаман, жеті қазына, жеті жарғы, тоғыз жолдың торабы, баланы қырқынан шығару, қайтыс болған адамның жетісі, қырқы, жүзі деген секілді ұғымдар біздің санамызға сіңіп қалған. Я болмаса, тоғыз құмалақ ойыны. Айта берсек, мысал көп. Себебі, қайда барсақ та, сандардан құтыла алмаймыз. Осы орайда, нумеролог маманның пікірін тыңдап, 2018 жылдағы сандар нені меңзейді деген сұраққа жауап іздеп көрдік.
Құралай Бақытқызы сандардың сиқыры туралы зерттеу жүргізеді. Өзін сарапшы ретінде таныстырған ол – тынымсыз еңбегі мен үздіксіз білім алып, шыңдалуының арқасында, жаңа ғылымның қыр-сырын меңгеріп алған білікті нумеролог.
Құралай ханым, нумерология жайында қысқаша хабардар етсеңіз.
Құралай ханым, нумерология жайында қысқаша хабардар етсеңіз.
Нумерологияның негізін Пифагор қалап кеткен. Оны үндістер, қытайлықтар көне замандардан бері қолданып келеді. Көбіне халық оны балгерлікпен шатастырады. Бірақ нумерология – нақты ғылым. Цифрлар мен формулаларды пайдаланып, адамның оң және теріс жақтарын көрсете алатын ілім. Әр адамның қай бағытта жұмыс істесе, ісі сәтті болуы мүмкін екенін, қай спорт түрімен айналысса, жетістікке жетеді деген секілді жолдарын көрсете аламыз. Яғни кез келген адамның туған күніне қарап отырып, потенциалын айта аламыз. Нумерология ондағы сандарды бір жүйемен есептей отырып, олардың өмірге қалай әсер ететінін айтып береді. Сондықтан мен кездесуге калькуляторсыз келмеймін. Барлығын есептей отырып айтамын.
Мен Пифагор матрицасы деген 9 сан белгіленген арнайы жүйені қолданамын. Сол жерге адамның туған күніндегі сандарды бір формуламен орналастырып, цифрлық кодын анықтаймын.
Сонда әрбір адамның өзінің цифрлық коды болады ғой?
Иә, әр адамның цифрлық коды бар. Мысалы, нумерологияда мыңдық код дегенді айтатын болсақ, мұндай адамдар өте талантты болады. Олардың туған күнінің қосындысы 4 таңбалы санды көрсетіп тұрады. Мыңдық коды бар адамдар артынан із қалдырып, қоғамға белгілі тұлға бола алады. Бұл код атақты ақындарда, қоғам қайраткерлерінің туған күндерін қосқанда кездеседі.
Бұл - мен мынадай күнде дүниеге келдім, менде сондай болады деген сөз бе?
Жоқ, нумеролог адамның туған күніне қарап, бағыт бере алады. Адамның өмірінде қолайлы және қолайсыз жылдар болады. Мысалы, бір адам 30 жасқа келгенде оның цифрлық таңбасында теріс жыл сәйкес келіп тұруы мүмкін. Мұндай кезде ол адамға бизнес бастап, басқа жұмысқа ауысып, тәуекел жасамай, күте тұрған жөн. Ал, цифрлары оңтайлы кезеңді көрсетіп тұрса, сол кезде кез келген шаруаны қолға алса, сәтті шығады деген сияқты кеңес бере аламыз.
2018 жыл қазақстандықтар үшін қандай жыл болады?
«Нумерология бойынша 2+0+1+8=2, жыл саны 2 болғандыктан, сүрбойдақтар отбасын құруға қолайлы жыл. Биыл кімде-кім шаңырақ көтерсе, отбасы берік болады. Ал, басшылықта жүрген лауазымды тұлғалар үшін сынға толы болатын жыл. Содан кейін бизнес, жеке кәсіппен айналысуға сәтті болады. Бұрыннан жолы болмай келген спортшылар осы жылы үлкен жетістікке жетуі мүмкін. Жыл санында сегіз әрі ит жылы - көпшілік, көптік ұғым жылы болғандықтан, көп бала туылуы мүмкін. Сонымен қатар, биыл елімізде айтарлықтай археологиялық жаңалық ашылуы да ықтимал. Бұдан басқа осы жылдағы 2 саны – гравитация, қозғалыс саны. Жер сілкінісі, апат жиі болуы мүмкін.
«Нумерология бойынша 2+0+1+8=2, жыл саны 2 болғандыктан, сүрбойдақтар отбасын құруға қолайлы жыл. Биыл кімде-кім шаңырақ көтерсе, отбасы берік болады. Ал, басшылықта жүрген лауазымды тұлғалар үшін сынға толы болатын жыл. Содан кейін бизнес, жеке кәсіппен айналысуға сәтті болады. Бұрыннан жолы болмай келген спортшылар осы жылы үлкен жетістікке жетуі мүмкін. Жыл санында сегіз әрі ит жылы - көпшілік, көптік ұғым жылы болғандықтан, көп бала туылуы мүмкін. Сонымен қатар, биыл елімізде айтарлықтай археологиялық жаңалық ашылуы да ықтимал. Бұдан басқа осы жылдағы 2 саны – гравитация, қозғалыс саны. Жер сілкінісі, апат жиі болуы мүмкін.
Егер әр айды да санға жіктесек, мысалы, қаңтар - бірінші ай деп есептеп, жыл бойына халыққа жол көрсетіп, бағыт беруге бола ма?
«Иә, болады. 2018 жылдың 12 айында немен айналысса сәтті шығатынын жіктеп бере аламын. Қаңтар айы өтіп кеткендіктен, ақпан айынан бастайын.
Ақпан – әділет айы. Бірақ ауырлау болады. Балаларға қатты көңіл бөліп, балық секілді пайдалы, басқа да құнарлы тамақ жеу керек.
Наурыз – шығармашылық айы. Табиғаттың жаңарып, күн мен түннің теңелген кезі. Қолөнермен айналысып, сурет салу керек.
Сәуір – шет тілдерді үйреніп, спортпен шұғылдануға қолайлы.
Мамыр – стратегия, жоспар құратын мезгіл. Гимнастика, биге ыңғайлы ай.
Маусым – өрттен абай болу керек. Спорттың ауыр түрімен айналысатын кез. Диета ұстап, тамақты аз жеген абзал.
Шілде – демалатын ай. Отбасылық демалыс, саяхат ұйымдастыруға болады. Махаббат, ғашықтар айы.
Тамыз – құрылыс, жөндеу айы. Жаңа бизнес ашуға өте қолайлы уақыт.
Қыркүйек – үй, пәтер сатып алуға ыңғайлы. Оқу мезгілі. Косметологиялық, жоспарланған оталарды жасатуға болады. Ота сәтті шығады. Тіс емдетіп алған жөн.
Қазан – көлік сатып алуға қолайлы. Батыс жаққа іссапар болса, сәтті өтеді.
Қараша – музей аралап, концерт тамашалап, мәдени орындарға барған жөн.
Желтоқсан – кітап жазуға, ән, тақпақ шығаруға қолайлы. Армандарыңыз болса, қағаз бетіне жазып қоюға болады. Себебі, бұл ай – пайдалы, дұрыс идея келетін кез.
Қызықты сұхбатыңызға көп рахмет! Жылымыз сәтті өтсін!
Рахиля Бекназарқызы
baq.kz