Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тазалық қағидалары

Тазалық қағидалары

Шығыста тазалықтың жеті қағидасы бар:

1) “Таза қол”, ешкімнің ала жібін аттамау дегені. Оның үстіне табыстың қырқыншы, оныншы немесе өзге де бір бөлігін мұқтаж жандарға беріп отыру дегенді де білдіреді.

2) “Құлақ тазалығы”, қорқақ, ашулы, күйгелек жандарды тыңдамау, оған қоса құлағыңызды бейпіл сөзден, өсек-аяңнан, бос әңгімеден аулақ ұстау керектігін білдіреді.

3) “Көз тазалығы”, көзді кектен, ашудан, қызғаныштан, құмарлықтан сақтау керектігін білдіреді.

4) “Ауыз тазалығы”, аузыңды артық сөзден, өзгені жамандаудан тыю.

5) “Дене мен киім тазалығы”, үсті-басыңды күтіп ұстау шарт екендігін білдіреді.

6) “Ой тазалығы”, санаңды жамандық пен ұсақ ойлардан тазарту. Және өзіңді аямау. Не үшін аяйсыз өзіңізді? Одан да игі істер туралы ойлап, жақсылыққа үміт артыңыз.

7) “Жүрек пен жанның тазалығы”, жаныңыздағы өзгеріс пен шабытты сақтау, оларды тәрк етпеу. Сүйіңіз! Қарымтасын сұрамастан. Махаббат өз табиғатында екінің біріне бұйырмаған зор бақыт.
Аударған Шынар Әбілдә
04 наурыз 2019 ж. 2 028 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 42

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 57

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031