Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбілікте ұйымшылдық танытты

Сенбілікте ұйымшылдық танытты

Сенбі күні Ғ.Мұратбаев ауылдық округі әкімішілігінің ұйымдастыруымен тазалық айлығына орай «Сенбілік – халықты игілікті іске шақыру» атты шара өтті. «Ауыл тазалығы – баршамызға ортақ» дегенді ұстанған ауыл тұрғындары ұйымшылдықпен сенбілікке шықты.
Қоршаған ортаны абаттандыруға жанашырлық танытып жиналғандарға ауыл әкімі Абай Рыстығұл ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, осы жылдың 8 қыркүйегі мен 10 қарашасы аралығы аудан елді мекендерге санитарлық тазарту, көркейту айлығы деп жарияланды.
«Жыл сайын өткізілетін айлықтың мақсаты – туған жерді аздырмай, қолдан келгенше жайқалту. Қашанда халық үшін ауыл – руханияттың темірқазығы, ұлттық құндылықтардың алтын бесігі, береке-байлықтың бастауы. Ауылдың таза ауасын жұтып, суын ішіп, табиғатынан қуаттанған әрбір азамат атамекенін қадірлеуге тиіс. Сондықтан да Ғ.Мұратбаев атындағы саябақта өздеріңізбен жүздесіп тұрмын. Бұл басқосуда ауылдың дамуы мен өркендеуіне атсалысып, тазалығына ерекше мән беріп, елге үлгі болып жүргендер жетерлік. Баршаңызға алғысымды білдіремін», – деді ауыл әкімі.
Сондай-ақ, Абай Рыстығұл Ғ.Мұратбаев ауылдық округінде атқарылып жатқан жоспар, міндеттерімен бөлісті. Соның ішінде жергілікті халықты «Үздік ауыл – 2018» байқауына қатысып, үлгілі ауыл атағын иемдену бағытында бар күш-жігерлерін ауызбіршілікпен жұмсауға шақырды. Ауылда 300-ге жуық үй, екі мыңға жуық халық бар екен. Тұрғындардың жағдайын жақсарту мақсатында газ жүргізу мәселесі қолға алынған. Барлық қажетті құжаттары дайындалып, тиісті орынға тапсырылған.
Маңызды басқосуда ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Рахметов, жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы Ә.Дәстенов, ауыл ардагері Б.Таңжанов, балабақша меңгерушісі Р.Таңжарық, мектеп директоры Д.Алдабергенов және тағы басқалары сөз сөйледі.
Шара барысында айыр, күрек, кетпен асынған тұрғындар саябақ маңайын арам шөптерден тазалап, тал-теректерді әктеді. Сынған бұтақтарды жинап, күл-қоқыстарды жүк көлігіне тиеді.
Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ

11 қыркүйек 2018 ж. 2 528 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 132

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 129

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930