Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Түркі әлемінің алтын бесігі

Түркі әлемінің алтын бесігі

   Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасының жалғасы  «Ұлы даланының жеті қыры» мақаласы елдің ұлы мұратын айқындап тұр. Мақала негізінен екі бөлімнен тұрады. 1. Кеңістік пен уақыт деп аталса, екіншісі алдағы уақытқа бағыт бағдар көрсетіп, алдымызға ұлттың тарихын жаңғыртуға  арналған 6 тапсырма жүктеді. Яғни, «Архиф- 2025»жеті жылдық бағдарламасын жасау, Дүниежізілік туркологтардың конгресін ұйымдастыру, «Ұлы  дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу, Ұлы дала тұлғаларына фильмдер түсіру т.б.  тарихи маңызды міндеттер қойды.
     Ұлы даланың жеті қыры мақаласында біз кім екінімізді анықтадық.
    Біз сонау сақтардың, ғұндардың түркі этникалық топтардың мұрагеріміз. Бұл жерде ұлтқа бөліну деген жоқ. Яғни, біздің халық болып қалыптасуымызға әртүрлі ұлт өкілдерінің еңбек сіңіргендігін нақтылап айтып отыр. Мақаланың әрбір қырын оқыған сайын көңіліге қуаныш ұялатады. «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» жобасының аясында айтылған адамзаттың  ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабиді өмірге әкелген Отырар, Қожа Ахмет Яссауи ілім алған Түркістан қаласын жаңғырту, түркі әлемінің орталығының музейін ашу бастамасы мемлекетті нығайтуға өз септігін тигізеді деп ойлаймын.
   Тауындағы тасын түрсең тарихы сөйлейтін даламыздан Алтын адам табылып, Ұлы Жібек жолы жүріп өткен алтын етек Алтайдың Түркі әлемінің алтын бесігі атануы заңдылық деп білемін. Өз тарихын білген ел ғана өткеннен сабақ алып, жарқын болашаққа жол тауып жетістіктерге жетеді. Ол үшін осындай бастамаларды жүзеге асыру тарихымыз бен мәдениетімізді жас ұрпақтың санасына жеткізу ұстаздар біздердің міндетіміз.
Гүлмира ҚҰЛЫМБЕТОВА
№249 мектеп-лицей
10 желтоқсан 2018 ж. 3 197 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031