Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дала өркениетінің өркені

Дала өркениетінің өркені

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев "Ұлы даланың жеті қыры" атты екі бөлімнен тұратын мақаласында еліміздің мәдени және рухани дамуы үшін жеті тарихи кезеңге сүйенген алты ірі жобаны жүзеге асыруды тапсырды.
Елбасының бұл идеясы тарихқа деген көзқарасты түзету мен бірегейлікті сақтап, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту жайын бағдарлайды. Мәселен, «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп аталатын негізгі бөлімде Ұлы дала өркениетінің бірегей жеті жетістігі аталған. Алдымен жеті қазынамызға балайтын жылқыны адамның алғаш қолға үйретіп, көшпенділер мәдениеті қалыптасқандығы айтылады. Екіншісі – Ұлы даланың ежелгі металлургиясы, яғни жоғары технологиялық тәсілді қолдануы. Үшіншісі – аң стилі. Табиғат пен қоршаған ортаның даналық үйлесімдігінің философиясы тасқа қашалған ежелгі петроглифтерде көрініс табады. Төртіншісі – «Алтын адамның» мүсіні, сақ мәдениетінің бай мұрасын, дала тұрғындарының дүниетанымын бейнелейді. Бесіншісі – заманауи Қазақстанның жері түркі әлемінің бесігі екендігі ғылыми дәлелденгені туралы. Алтыншысы – Еуразия халқының өмір сүруі мен дамуына орасан зор әлеуметтік-мәдени әсерін тигізген Ұлы жібек жолы, жетіншісі – Қазақстанның таулы аймақтары алма мен қызғалдақтың отаны екендігі мәлімделеді.
Қазақ халқы үшін жеті саны өте киелі. Расымен де қоршаған ортамен ықпалдаса өмір сүрген ата-бабаларымыз танымдар мен түсініктерді, табиғат құбылыстарын, аспан денелерін түйсік арқылы байланыстырып, бақыт пен сәттілік әкеледі деп бағалаған. Осы тұрғыдан алғанда, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы халқымызға аса қажет және маңызды құжат деп есептеймін.
Мақаланың екінші бөлімінде алдағы уақыттың бағыт-бағдары айқындалады. Онда «Архив-2025» жетіжылдық бағдарламасын жасау, түркологтардың дүниежүзілік конгресін ұйымдастыру, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу сынды маңызды міндеттер белгіленген. Ұлтымыздың даналығын дәлелдейтін деректер мен тағылымды тың материалдар архивтер мен ұлы тұлғалардың еңбектерінде екені ақиқат. Міне, осы орайда мемлекет басшысы ұсынып отырған «Ұлы даланың ұлы есімдері» және «Ұлы Дала тұлғалары» сынды жобалардағы көзделген мақсаттарды жүзеге асыру баршамыз үшін өзгеше міндет деп ұғынуымыз қажет.
Ұлт санасын жаңғыртуға бағытталған "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық құжатының жалғасы іспетті бұл дүниені оқи отырып, біз өз тарихымызбен мақтанып қана қоймай, сол құндылықты тереңнен сараптай білуге ұмтылғанымыз дұрыс.
Төл тарих қатпарын түгендеуге бетбұрыс жасалған маңызды құжатта айтылған ірі жобалардың сәтті жүзеге асырылуы – Қазақстанды Орта Азиядағы ең өркениетті елдер қатарына жеткізері сөзсіз.
Ғани ТЕМІРБАЕВ,
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы


07 желтоқсан 2018 ж. 2 310 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930