Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Терең тарихтан – жарқын болашаққа

Терең тарихтан – жарқын болашаққа

   Ү.Түктібаев ауылдық кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы жан-жақтыталқыланды. Мақала бойынша оқырмандар, өздерінің түсінгені туралы пікірлерін  айтып, Елбасының бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында тарихымызды насихаттаудың, кейінгі ұрпаққа жеткізудің жолдары түгел қарастырылған және көшпелі өркениетіміздің ежелгі  тарихын философиялық тұрғыдан жаңадан зерделеуге шақырған.
   Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын талқылау барысында ауылдық клуб әдіскері М.Жанадилов : «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бұл мақаласында көшпелі өркениетіміздің ежелгі  тарихын философиялық тұрғыдан жаңадан зерделеуге шақырады» - деп өз пікірімен бөлісті. Терең тарихтан жарқын болашаққа ұмтылған тәуелсіз еліміздің азаматтары үшін өткенді білу, құрметтеу, насихаттау – айнымас борыш. Елбасы мақаласында айтылғандай, тарихымызды білу арқылы біз өз түп-тамырымызды танимыз, өткен күннің күрмеуі қиын мәселелердің анық-қанығына көз жеткіземіз.
     Елбасы Н.Ә.Назарбаев  Ұлы Дала өркениетінің  жеті бірегей тарихи жетістігін атап берді. «Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай  білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздіңтабысты болуының кепілі дегеніміз осы» деп  сөзін түйіндейді Елбасы.
Гүлмира НИЕТОВА
Ү.Түктібаев ауылы
10 желтоқсан 2018 ж. 3 121 0

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 123

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930