Орыс тілінің білгірлері анықталды
17 сәуірі күні Қазалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандар залында қазақ тілінде оқитын жастар арасында «ОЙ - САНА» атты орыс тілі білгірлерінің Х аудандық байқауы өткізілді. Байқауға 17-22 жас аралығында жастар қатыстырылды.
Байқаудың мақсаты: қазақ тілінде оқитын жастардың арасында орыс тілін таныту және оны оқуға ынталандыру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, риторикалық дағдыларды, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру болып табылады.
Байқау төмендегі шарттардан тұрды:
- бірінші аталым: тыңдалым, орыс тілінің лексикасы мен грамматикасын білуге арналған 60 тест тапсырмасы;
Тест тапсырмасын орындау уақыты – 40 минут.
- екінші аталым: жазбаша және викторина бөліктерінен тұрады:
1) жазбаша бөлігі: ұсынылған үш тақырыптың біреуіне эссе жазу. Эссенің көлемі: 1,5-3 бет. Тапсырманы орындау уақыты – 30 минут.
2) викторина: қатысушылар орыс тілі, әдебиеті, мәдениеті, салт-дәстүрлері жайында викториналық сұрақтарға (25 сұрақ) жазбаша жауап береді.
- үшінші аталым: кез келген жанрдағы мәтінді мәнерлеп оқу (үй тапсырмасы).
Байқауды Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Лайық Айгүл Бөкенбайқызы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Аудандық байқауға 11 талапкер қатысып, бақтарын сынады. Қатысушылардың жұмыстары мен өнерлерінің сапасын бағалау және жеңімпаздарын анықтау үшін қазылар алқасының құрамы жасақталды. Қазылар алқасының төрайымы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұргүл Арзиева, №165 мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі, қазылар алқасының мүшесі Ғалия Алмен, №204 мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі, қазылар алқасының мүшесі Алима Асқаровалар қазылық жасады. Қазылар алқасының шешімімен сәйкес, сондай-ақ байқаудың шарттарына жан-жақты дайындықпен келген, сұрақтарға мүдірмей жауап берген №249 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Абжанов Бисұлтан І орынды, №165 мектептің 11 сынып оқушысы Омаралы Гүлшат ІІ-орынды, №17 мектептің 11 сынып оқушысы Әнуарбекқызы Ақбота ІІІ орынды иеленді. Қалған өнерпаздар Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ынталандыру сыйлығын алды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.