Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңбыр, көктайғақ: 7 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Жаңбыр, көктайғақ: 7 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, бірқатар өңірде тұман мен көктайғақ күтіледі. Оңтүстікте ауа температурасы +24 градусқа дейін көтеріледі
Жаңбыр, көктайғақ: 7 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
7 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Төрт қалада қар күтіледі. Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел екпін алады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы +24 градусқа дейін көтерілсе, солтүстікте +2...+9 градустан аспайды,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты болады. Түнде және күннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +3...+5 градус, күндіз +7...+9 градус болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +3...+5 градус, күндіз +16...+18 градус жылы болады.
Шымкентте құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +10...+12 градус, күндіз +21...+23 градус болады.
Ақтөбеде күн бұлтты болады. Түнде жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Түнде ауа температурасы -1...-3 градус, күндіз +4...+6 градус болады.
Ақтауда күн бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +4...+6 градус, күндіз +9...+11 градус болады.
Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +2...+4 градус, күндіз +8...+10 градус болады.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты. Түнде, негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын түседі. Түнде және таңертең тұман болады. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +12...+14 градус болады.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты. Түнде, негізінен жаңбыр жауады, күндіз де жаңбыр күтіледі. Тұман түседі. Түнде ауа температурасы +2...+4 градус, күндіз +7...+9 градус болады.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -3...-5 градус, күндіз +4...+6 градус болады.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел екпін алады. Түнде ауа температурасы +3...+5 градус, күндіз +16...+18 градус болады.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -2...-4 градус, күндіз +2...+4 градус болады.
Қызылордада құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр жауады. Кей уақытта тұман түседі. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +15...+17 градус болады.
Павлодарда күн бұлтты. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Түнде ауа температурасы +2...+4 градус, күндіз +6...+8 градус болады.
Петропавлда құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түсіп, жел екпін алады. Түнде ауа температурасы -3...-5 градус, күндіз +2...+4 градус болады.
Семейде құбылмалы бұлтты. Күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Жел екпін алады. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +10...+12 градус болады.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -1...-3 градусқа дейін төмендейді, күндіз +22...+24 градус болады.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8...+10 градус, күндіз +22...+24 градус болады.
Түркістанда құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +10...+12 градус, күндіз +19...+21 градус болады.
Оралда күн бұлтты. Түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз жел екпін алады. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +3...+5 градус болады.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпін алады. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +10...+12 градус болады.



07 қараша 2026 ж. 25 0

Арғымақ баптаған ару

07 қараша 2026 ж. 67

Еріктілік – ерен іс

07 қараша 2026 ж. 68

Оқуға құштар оқушылар

07 қараша 2026 ж. 66

Өнер – өмірінің өзегі

07 қараша 2026 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30