Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тілім менің - тірлігімнің тірегі

Тілім менің - тірлігімнің тірегі

5 қыркүйек - Қазақстан халықтарының Тілдері күні мерекесіне орай ұлт өкілдері арасында музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Тілім менің - тірлігімнің тірегі" атты сайысты шара өткізілді.
Сайыста "Тіл -қазына" және "Тіл - құдірет" атты екі топ ойнатылды. Сайысқа орыс ұлтының өкілдері Ирина Галиулина - музей саласының ардагері, Наталия Баркова - Қ.Нұрмаханов атындағы №95 мектептің мұғалімі, Виктор Романов - "Ақерке" балабақшасының қызметкері, өзбек ұлтының өкілі Гүлбарам Жорабаева, қазақ ұлтының өкілдерінен Айна Келімбетова - Ғ.Мұратбаев атындағы №17 мектептің мұғалімі және белсенді жас, тіл жанашыры Жәнібек Жұбанов қатысып қазақ халқының мақал-мәтелдеріне, салт-дәстүрлері мен ұлттық ойын түрлеріне байланысты интерактивті сұрақтарға белсене жауап берді. Шара соңында сайыстың әділ-қазылар алқасының төрайымы, Қазалы аудандық "Қазақ тілі" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұрбибі Әшір, мүшелері, ардагер ұстаз, "Өнеге" бірлестігінің мүшесі Қазыбай Саниязов және музей директоры Роза Асанова сайысқа қатысушыларға ыстық лебіздерін білдіріп, жеңімпаз топты анықтап, алғыс хат пен сыйлықтар табыс етті.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
06 қыркүйек 2018 ж. 2 505 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 143

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031