Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның оңтүстігінде 27 градус жылы, солтүстігінде қар жауып, көктайғақ болады

Қазақстанның оңтүстігінде 27 градус жылы, солтүстігінде қар жауып, көктайғақ болады

Республика бойынша жел күшейеді.
Фото: ЖИФото: ЖИ

Қазгидромет 7–9 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алдағы күндері Қазақстан аумағында бірнеше циклонның өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кезеңнің басында солтүстік өңірлер арқылы солтүстік циклонның жырасы өтсе, 8 қарашадан бастап еліміздің аумағы арқылы оңтүстік циклон жылжиды.
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар, ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауады деп күтіледі.
8 қарашада батыс өңірлерде нөсер жаңбыр, 9 қарашада солтүстік-батыс пен батыста қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар), еліміздің оңтүстігінде күндіз нөсер жаңбыр болжанады.
Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі. Еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады.
Ауа температурасы:
  • Батыста: түнде −3…+5 °C-тан −8…+3 °C-қа дейін, күндіз +5…+15 °C-тан +2…+10 °C-қа дейін төмендейді.
  • Солтүстік-батыста: түнде ауа температурасы −1…−8 °C-тан −6…+3 °C-қа дейін сәл жоғарылайды, күндіз +2…+10 °C-тан −3…+5 °C-қа дейін төмендейді.
  • Шығыста: түнде −9…+2 °C-тан −5…+8 °C-қа дейін, күндіз +2…+12 °C-тан +9…+17 °C-қа дейін жоғарылайды.
  • Оңтүстікте: түнде −2…+6 °C-тан +7…+17 °C-қа дейін жоғарылайды, күндіз +10…+23 °C пен +18…+27 °C аралығында құбылады.
  • Оңтүстік-шығыста: түнде ауа температурасы +0…+10 °C-тан +7…+15 °C-қа дейін жоғарылайды, таулы аудандарда −3…−8 °C-тан 0…+5 °C-қа дейін көтеріледі. Күндіз +15…+25 °C-тан +17…+25 °C-қа дейін, таулы аудандарда +10…+15 °C шамасында болады.
Еліміздің қалған өңірлерінде ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.

07 қараша 2026 ж. 23 0

Арғымақ баптаған ару

07 қараша 2026 ж. 67

Еріктілік – ерен іс

07 қараша 2026 ж. 68

Оқуға құштар оқушылар

07 қараша 2026 ж. 66

Өнер – өмірінің өзегі

07 қараша 2026 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30