Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың айтарлықтай мүмкіндіктері

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың айтарлықтай мүмкіндіктері

Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, «Орда зағиптар» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Астананың 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойларына орай «Әлемнің жыл­уын жүрегіммен сеземін» атты мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы облыстық әншілер байқауы өткізілді.
Өздерінің шектеусіз мүмкіндіктеріне көпшіліктің көзін жеткізуді мақсат етіп жүрген мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығын шыңдау, оларды қоғамға етене араласуға бейімдеу арқылы тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің қолжеткізген жетістіктерін, ел тарихын, тағылымын насихаттауға арналған байқауға қатысушылар көп болды. Солардың ортасынан «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Қазалы аудандық бастауыш ұйымынан қатысқан Серік Ерболатов екі кезеңнен тұратын ән байқауының патриоттық ән және халық әнін орындау талаптарына сәйкес қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды жеңіп алса, Серікбол Шайхов үшінші орынды иеленді.
* * *
Әйтеке би кенттік клубында «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі «Қазалы» корпоративтік қорының және бірлестіктің Қазалы аудандық бастауыш ұйымының ұйымдастыруымен ел астанасының 20 жылдық мерейтойына орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттық сайыс өткізілді.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақсатында спорттық дойбы, теннис, қол күресі түрлерінен ұйым­дастырылған шарада аталған спорт түрлерінен жеңімпаз атанған Сағидулла Төребай, Әбілқасым Алғашбаев, Руслан Омар және жүлделі орын алғандар мақтау қағаздарымен қоса қаржылай марапатқа ие болса, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Әлімжан ӘЛКЕБАЙҰЛЫ

19 маусым 2018 ж. 2 411 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 183

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 169

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 162

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 173

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930