Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазалыда "Пушкин оқуларының" жеңімпазы анықталды

Қазалыда "Пушкин оқуларының" жеңімпазы анықталды

Кеше Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Пушкинские чтения» атты аудандық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты қазақ тілінде білім алатын жастардың орыс тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру болып табылады. Сайысқа 14-22 жас аралығындағы 30-ға жуық талапкер қатысты. Байқау шарты бойынша қатысушылар белгілі қазақ, орыс жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық, поэзиялық шығармаларынан жатқа үзінді оқып, өзара тартысқа түсті.
Талапкерлердің өнерін сарапқа салу үшін арнайы комиссия құрылып, әділ бағаларын берді. Нәтижесінде бас жүлдені №266 мектеп-лицейінің оқушысы Қартабай Құралай, І-орынды №90 орта мектептің оқушысы Романқұл Динара, ІІ-орынды №16 мектеп-лицейінің оқушысы Жетес Бексұлу, ІІІ-орынды №204 орта мектептің оқушысы Жұмахмед Әсел мен №17 орта мектептің оқушысы Таңатар Диляра өзара бөлісті. Өнерпаздарға Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы Дипломмен бағалы сыйлықтармен марапатталса, қалған өнерпаздарға Алғыс хаттар табысталды. Өнерпаздарға алдағы өткізілетін облыстық байқауда жоғары жетістіктерге жетулеріне сәттілік тілейміз.
Раиса ТАСЫБАЕВА
17 мамыр 2018 ж. 2 248 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 107

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930