«Ғасырлар аманаты – Тәуелсіздік»
16 желтоқсан – ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңынан бастау алған ұлы мерекені ақын-жазушыларымыздың құнды өлеңдері арқылы балаларға тәуелсіздік туралы түсінік беру және Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында №21 «Алпамыс» бөбекжай- балабақшасында жылдық жоспарға сәйкес «Ғасырлар аманаты – Тәуелсіздік» тақырыбында бүлдіршіндер арасында көркем сөзді мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Балалар жаттаған өлең шумақтарын мәнерлеп,анық дауыстап оқи отырып тыңдаушылар жүрегіне жеткізді. Нәтижесінде:
Тасболатқызы Сымбат («Алпамыс»МАД тобы) – «Бас жүлде»;
Кеңесбай Нұрасыл («Балапан» ортаңғы тобы) – І орын;
Көптілеу Жадыра («Балдырған» ІІ кіші тобы) – ІІ орын;
Айбатырқызы Еркеназ («Тілашар»ортаңғы тобы) – ІІІ орын;
Сайлауова Айару («Еркетай» ортаңғы тобы) – «Тілі тәтті бүлдіршін» ;
Амантай Әкежан («Балапан»ортаңғы ) – «Отаншыл өрен» және
Амангелді Бағдәулет («Балапан» ортаңғы тобы) – «Сүйкімді көркем сөз шебері» бағамымен марапатталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.