Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Балабақша жүлдемен оралды

Балабақша жүлдемен оралды


















Қызылорда облыстық білім басқармасы облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабиниет) ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы «Алтын ұя» балабақшасында «Көшбасшы әдіскер, креативті тәрбиеші, дарынды бала» тақырыбында шығармашылық апталықтың ІІ кезеңі болып өтті. Апталық соңында «Шығармашылықтың шексіз әлемі» атты көрме ұйымдастырылды. Апталыққа ауданымыздағы №21 «Алпамыс» бөбекжай –балабақшасынан тәрбиеші Жұматаева Балкерім «Мен креативті тәрбиешімін!» бағытында «Тәй-тәй» инновациялық әдістемесі, АКТ, Жобалау-зерттеу әдісі, «Ойын», «Триз» технологиясы бойынша Start up идеялар жәрменкесін көрсетіп, қорғап шықты. 
Балабақшамыздың тәрбиеленушісі Жалғасбекқызы Алина «Мен дарынды баламын!» бағытында балабақша хореографы Утеген Айгерімнің дайындаған «Сақ аруы» биін билеп , әділқазы алқаларын бір серпілтіп тастады. Сонымен қатар Маралтай Райымбекұлының сөзіне жазылған «Мәңгілік Ел» өлеңін мәнеріне келтіріп оқыды. Алина өзінің топ тәрбиешісі Нұрылла Нұргүлмен біріге отырып жапсырған «Мәңгілік Ел – Тәуелсіздік ұраны, Құндылығым болашақтың жыр-әні» тақырыбындағы жұмысты қатысушыларға тәтті тілімен түсіндіріп әңгімелеп берді. Апталықтың соңында тәрбиеші Кабылова Гүлайна «Шығармашылықтың шексіз әлемі» атты, қазіргі заманның талабына сәйкес күнделікті оқу тәрбие процесінде шығармашылықпен заманауи үлгіде жасалған дидактикалық материалдарды жан –жақты таныстыру мақсатында үздік дидактикалық материалдар көрмесін таныстырды. 
Апталықты қорытындылай келе, облыстық білім басқармасының бас маманы Зарипа Матжанова №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасынан барған қатысушыларға ризашылығын білдіріп, сертификат табыстады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат. 
23 қараша 2017 ж. 3 026 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды