Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Бисмилла» дегенде қолындағы бауырсақ құмалаққа айналған екен

«Бисмилла» дегенде қолындағы бауырсақ құмалаққа айналған екен

Атамыз Шәуен 1991 жылы қой бағып жүріп қайтыс болды. Жауын-шашынды күні жай түсіп, ол кісі тіл тартпай кеткені есімізде.
Өмір бойы жылқы баққан атам өмірінің соңғы жылдары қарап отырмады. Айына бір келетін қойдың кезегін өзі атқарып келетін. Біз барайықшы десек те ертпейтіні жадымда жақсы сақталыпты. Шәуата (бәріміз ол кісіні солай атайтынбыз) соғыстан кейін жылқы бағуға кіріскен екен. Жаз демей, қыс демей аттың үстінде колхоздың жылқысын бағып өтті.
Бірде жаздың күні жылқы Семейдің Курчатов қаласы жағына қарай ұзап кетеді. Нақты қай жерде жүргенін білмей атам біраз дала кезіп, ойға да қырға да шауып әбігерге түседі. Шамамен, алпысыншы жылдардың басы болса керек. Павлодардың Май ауданы аумағын атпен шолып, 2-3 күн бойы далада болады.
Әбден шаршап, қарны ашып ауылға қарай түнделетіп келе жатса Баянауылдан 80 шақырым жердегі Ақшиман аулына таман өзен жағасында тігілген жалғыз ақ шаңқай киіз үйді көзі шалады. Алдында от жағылып, қазан көтеріліп жатады. Қазан-ошақ маңында ас қамдап жүрген әлдекімнің бейнесі көзге шалыныпты.
Бұлар кім болды екен, қойшылар жайлауы алыста еді ғой деп, не болса соға кетуді жөн көреді. Таяп келсе, ақ құба келіншек шай қамдап жүріпті. Атамды көзі шалып, аттан түсіп, төрге шығуын сұрап, ілтипат көрсетеді. Әбден шаршап келе жатқан аттан түскен атам киіз үйге кіріп, малдас құрып жата кетеді. Шаймен бірге бауырсақ әкелген келіншек сондай кішіпейіл екен.
Атам шай ішпес бұрын, «бисмиллах» деп бауырсақты екіге айырып жібергенде, о, тоба... Бауырсақ көз алдында құмалаққа айналып шыға келіпті. Көзін ашып, айналасына анықтап қараса, өзен жағасында өзі жалғыз күбірлеп отыр дейді. Киіз үй, ас қамдап жүрген келіншек зым-зия жоғалған. Аты маңында оттап жүр. Тілін кәлимаға келтіріп үлгерген Шәуата атына міне салып, ауыл қайдасың деп тартып отырыпты.
Біразға дейін тіс жармай жүрсе керек.
Кейін Самарқанда білім алған Бақыр молда ауылға келгенде бәрін баяндап беріпті. Сонда ол кісі: «Бауырсақты жемегенін дұрыс болған. Ол көзіңе көрінген шайтан» депті. Атам да анау-мынауға қорқа қоймайтын кісі. Оның айтқанына сенгенімен, үнсіз қоя салады... «Бисмилла» дегенде қолындағы бауырсақ құмалаққа айналған екен
alashainasy.kz

20 наурыз 2021 ж. 698 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 79

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930