Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай халықаралық форум өтеді

Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай халықаралық форум өтеді

2020 жылдың 19 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық Түркі академиясы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясы мен ЮНЕСКО жөніндегі Иран Ұлттық Комиссиясының қолдауымен ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына арналған «Жібек жолында өркениеттер үндестігі» атты халықаралық форум өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Онлайн режімде ұйымдастырылатын форумға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Иран Ислам Республикасының Ғылым, зерттеулер және технология министрі Мансур Голами, Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ИСЕСКО Бас хатшысы Салим Әл-Малик, Ислам Ынтымақтастығы ұйымы жанындағы ғылым-технология жөніндегі тұрақты комитеттің (COMSTECH) директоры Мұхаммед Икбал Чаудари, Түркия Республикасы Президентінің Бас кеңесшісі Ялчын Топчу, және тағы басқа іргелі халықаралық ұйымдардың жетекшілері, Ұлттық комиссиялардың басшылары, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ректорлар, Ғылым академияларының жетекшілері, дипломаттар, белгілі фарабитанушы ғалымдар қатысады деп күтілуде.
Айта кету керек, ұлы ойшылды ұлықтауға арналған қорытынды шара ретінде өтетін халықаралық жиынға дүниежүзінің 30-ға жуық мемлекетінен танымал ғалымдар қатысады. Сонымен қатар, форум жұмысына әлемнің алты тіліне ілеспе аударма жасалып, әлеуметтік желілер арқылы тікелей көрсетіледі.
18 қазан 2020 ж. 1 068 0

Аңдушыны алушы жеңе ме?

21 қыркүйек 2024 ж. 32

Төрештің ұлы топ жарып жүр

20 қыркүйек 2024 ж. 53

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30