Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірғаным Әйтімова Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары болды

Бірғаным Әйтімова Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары болды

Қыркүйектің 30 күні өткен Сенаторлар кеңесінің бірінші мәжілісінде Бірғаным Әйтімова Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, Кеңестің хатшысы қызметіне Нұрлан Қылышбаев тағайындалды.

Жиына Сенаторлар кеңесінің Жоспары бекітілді.

Бірғаным Сарықызы ӘЙТІМОВА 1953 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді.

Орал педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Орта мектептің оқытушысы, кеңшар комсомол комитетінің хатшысы, Орал облыстық комсомол комитетінің сектор, бөлім меңгерушісі, қалалық, облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. 1990-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы. 1993-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 1996-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Грекиядағы, Мальтадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Білім және ғылым министрі. 2007-2013 жылдары - Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі. Куба Республикасындағы Елші міндетін қоса атқарушы (2007-2013); Соломон аралдарындағы Елші міндетін қоса атқарушы (2012-2013). «Құрмет», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.


01 қазан 2019 ж. 1 080 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 26

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 64

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 103

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 57

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 56

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031