Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада Олимпиада ойындары өтуі мүмкін

Астанада Олимпиада ойындары өтуі мүмкін

2021 жылы Елордада этноспорт түрлерінен бүкіләлемдік Олимпиада ойындары ұйымдастырылуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бүгін ҚР Ұлттық музейде ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханмен, әрі ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында министр әлемдік этноспорт тақырыбында келіссөздер жүргізді.
Шара аясында ЮНЕСКО, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік жөніндегі үшжақты меморандумға қол қойылды.
Осы орайда Бекболат Тілеухан 2021 жылы Астанада этноспорт түрлерінен бүкіләлемдік Олимпиада ойындары ұйымдастыру жоспарланып отырғанын айтты.
«Олимпиада этноспорт түрлерінен ұйымдастырылмайды. ЮНЕСКО тарапынан ұсыныс түсіп отыр. Әлемдік этноспорттың Олимпиадасы іспетті үлкен дәстүрлі ойындардың жарысын өткізу жоспарда бар. Бұл жарысты өткізу үшін Қазақстан таңдалып отыр. 2021 жылы тәуелсіздігіміздың 30 жылдығына орай осы жарысты Астанада өткіземіз деп ойлап отырмыз. Осы орайда үшжақты меморандумға қол қойдық», - деді ол
Кездесу соңында ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің төрағасы Халил Ахмед Хан, комитеттің үйлестірушісі – Марселлин Дэлли және комитеттің хатшысы Шамми Рана Қазақстандағы ұлттық спорттың өркендеуіне тілектестік білдірді.
Baq.kz

31 мамыр 2018 ж. 2 290 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 128

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 124

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 116

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930