Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мұсылман әйелдің бір күні

Мұсылман әйелдің бір күні

Өмір тоқтаусыз өте береді. Күнделікті күйбең тірлік бітпейтіні бәрімізге мәлім. Ал біздің бұл өмірге келгендегі басты міндетіміз – Жаратушымызды танып, оған риясыз құлшылық жасау емес пе?! 

Құлшылыққа арнайы уақыт бөліп, оны ықыласпен жасаған дұрыс. Ал үйдің бітпейтін тіршілігімен жүріп осы құлшылыққа уақыт таба алмайтын жандар да бар. «Бастысы ниетім түзу, жүрегім таза» деп өздерің ақтап алғысы келеді. Ақтап алады да. Шын мәнінде жүрегіміздің қаншалықты тазалығы мен ниетіміздің түзулігі бір Аллаға ғана мәлім. Бітпейтін күйбең тіршіліктен бір сәт сытылып өзімізді жаратқан Жаратушымызға қалай уақыт бөлсек болады? Мұсылман әйелдің бір күні қалай өту керек? Бәріне қалай үлгереміз? Бәрімізді ойландыратын негізгі сауалдарға нақты жауапты қарастырып көрейік. Ең әуелі, біз мынаны толығымен ұғынып алуымыз қажет.
1. Ерте тұру
Қазақта «ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деген ғажап сөз бар. Ерте тұру арқылы сіз ісіңізді өнімді етіп қана қоймай, сонымен бірге жүрегіңіздегі иманыңызды да артыра аласыз. Таң намазынан бұрын кемінде 30 минут ерте тұрып, тахаджуд намазың оқу арқылы Аллаға деген құлшылығыңызды нығайта аласыз.
Бұл жерде бастысы – ниет. Йя, түнде кеш жатып, таңертең ерте тұру нәпсімізге қиын. Алайда, жүрекпен ниеттеніп ұйықтасаңыз ерте тұру аса қиынға соқпайды.
Ниет демекші, әрбір күніңіз берекелі болғанын қаласаңыз ниетіңізді дұрыстаңыз. Ұйқыдан тұра сала «үй жинап, тамақ істеп, күйеуді жұмысқа, баланы сабаққа жіберу керек» деп бітпейтін күйбең тіршілікті ойлап оянсаңыз Алла күйбеніңізді бітірмей қояды.
Бұл дегеніміз, үй шаруаңыз бітпей, күніңіз берекесіз болып, жүйке жүйеңіз де бұзылары анық. Сондықтан, таңертең оянарда «Аллаһым, бүгін сенің разылығың үшін қандай амал жасай аламын?» деп ақырет жағдайыңызды ойлап оянсаңыз, Алла Тағала барлығын реттеп, ыңғайлайды. Үй шаруасын уақытылы жасап әрі құлшылық жасауға да арнайы уақыт бөліп қояды.
2. Дұха намазын оқу
Бұл намазды мұсылманға оқу парыз емес. Алайда, оқыған абзал. Күн шыққан соң 40 минут пен бесін намазы кіруіне 30 минут қалғанға дейінгі аралықта оқуға болатын нәпіл намаз. Яғни, таңертең күйеуіңізді жұмысқа, балаларды сабаққа шығарып салған соң 10 минут уақытыңызды қиып, осы намазды оқып алғаныңыз дұрыс. Жанама тілмен айтқанда, бойыңызды энергиямен толтыру.
3. Құран оқу
Әйел адам болғасын «мына жұмысты бітіріп алайын, осыны істеп болғасын оқимын» деп жүргенде түн болады. Түнде сілеңіз қатып, шаршап ұйықтап қаласыз. Сондықтан, қолыңыз сәл қалт етіп, босады ма бір бет болсада Құран оқыңыз. Мейлі, бір аят болса да оқыңыз. Бұл әдет жүрегіңізді қара кірлерден арылтып, оны нұрландырады.
4. Зікір айту
Үй шаруасын жасап жүріп музыка тыңдағанды немесе ыңылдап ән айтқанды жақсы көреміз. Ендеше, музыканың орнына Құран тыңдап, ыңылдаған әннің орнына зікір айтып жүрсеңіз де имаңыз артып, құлшылығыңыз нығая түсері анық.
5. Садақа беру
Бізге садақа беру десе ойымызға бірден ақша түседі. «Үйдемін ғой, кімге садақа беремін» деп ойлап, садақаға аса мән бере бермейміз. Алайда, садақа берудің қаржылайдан бөлек басқа да түрлері көп. Мәселен, күйеуіңізге күлімдеп қарағаныңыз немесе жақындарыңызға хабарласып жағдайын сұрағаныңыз, отбасыңыз үшін бөлген уақытыңыздың өзі де садақаға жататынын ұмытпаңыз.
6. Намазды уақытында оқу
Әйел адам үйдің – берекесі. Баршамыз үйге кірген бойда бірінші «мама қайда» деп шығамыз. Яғни, әйел адам үйде болса отбасыда қуаныш пен шаттықтың болары анық. Ал әйел адам намазың кірген бойда уақытылы әрі ықыласпен оқитын болса, онда ол үйдің берекесі мол болары сөзсіз. Демек, уақытылы оқыған намаз үйге береке алып кіреді. Намазға деген ықыласты арттыру үшін жаңа сүре немесе білетін сүрелердің қазақша мағынасын жаттаңыз.
7. Дұға жасау
Дұға – әрбір мұсылманның қорғаны. Мұсылман әйел һдің отбасы үшін риясыз дұға жасауы қашанда маңызды. Немесе арнайы «дұға дәптерін» жазу, яғни барша сұрағыңыз келген дұғаларды арнайы дәптер арнап, жазып қою.
8. Түнгі намаз
Бұл амал әркез жоғары болары анық. Түнгі ұйқыңызды қиып, Алла Тағалаға ықыласпен құлшылық жасап, дұға ету арқылы әрбір мұсылман әйелдің күні берекелі әрі қайырлы болары сөзсіз.

27 сәуір 2020 ж. 897 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930