Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ғасырдан асқан ғимарат

Ғасырдан асқан ғимарат

Аудан орталығы – Әйтеке би кентінің теміржол вокзалының тұрғызылғанына ғасырдан астам уақыт өтті. Оның қабырғалары қаншама тарихи кезеңдерді өткерді десеңізші! Десе де өте сапалы салынғанының арқасында әлі де жақсы жағдайда халыққа қызмет ­етуде.
Тарихқа көз жүгіртсек, Қазалы темiржол бекетінің іргетасы 1902 жылы Орынбор – Ташкент темiржолы бойында тұрғызылуы жоспарланды. Оны жергілікті қазақтардың қатысуымен қолданылатын тастар Ақирек тауынан қашалып, нөмiрленiп, дайындалған түйе керуенiмен тасымалданған. Әкелінген әрбір құрылыс тасына патша тиынымен ақша төленіп, қабылданған. Сол кезде Ресейдің соңғы билеушісі император Николай ІІ билік тізгінін ұстап тұрған еді. Теміржол бекеті 1904 жылы пайдалануға берілді. Бүгінде республикалық санаттағы архитектуралық ескерткіштердің қатарына енгізіліп, мемлекеттің қорғауында. Оның қабырғалары күйдiрген кiрпiштерден қаланып, төбесi қаңылтырмен жабылған. Ресей сәулетшілерінің ықпалы бойынша ғимарат сол елден келген шеберлердің қолымен тұрғызылған.
Теміржол вокзалының шатыр конструкциясының бір ерекшелігі дәнекерленбей, темірлер бір-бірімен қиюластырылып (клёпка арқылы) ұстатылған. Николай ІІ заманынан келе жатқан тарихи-мәдени нысанға 2012 жылы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Айта кету керек, дәл осындай үлгідегі ғимараттар Ресей мен Украинаның бірнеше жерінде, атап айтқанда Днепродзержинск қаласында бар. Кезінде Қазалы стансасының жанынан салынған орыс шіркеуімен байланыстыратын жерасты жолы болған. Станция бастығы осы жолмен шіркеуге барып, сыйынып келетін болған деседі. Кейіннен маңыздылығы жойылып, көмілген. Сол кездері Қазалы стансасының бастығы патшалық теміржол қатынастары Министрлігіне қарайтын үлкен тұлға ретінде қабылданған. Тораптағы барлық мекемелер соған бағынған және есеп берген деген дерек бар. Сол дәстүр кеңес дәуірінде де сақталып, кейіннен Қазалы теміржол бөлімшесіне, содан соң Қызылорда бөлімшесі құзырына көшті.
Қазір жолаушыларға 116 жылдан бері қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан теміржолдың бас қақпасы саналатын вокзал ішінде кәсіпкерлік бағытындағы орындар да жұмыс атқарады. Бұл жергілікті тұрғындар мен жолаушылар үшін өте тиімді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
07 сәуір 2020 ж. 1 871 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 148

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 164

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 177

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 161

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 166

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 139

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 177

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031