Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Орыс моншасы пайдалануға берілді

Орыс моншасы пайдалануға берілді

Әйтеке би кентінен қарағай ағашынан жасалынған қоғамдық монша ашылды. Оның ашылу салтанатында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев кәсіпкердің бастамасына сәттілік тіледі. Бұл ғимарат арнайы Ресей елінен тасымалданған қарағайдан салынған. Ішіне қырық адам енетін қызмет көрсету аясы 3 бөлімнен тұрады.
Монша иесі Шалғынбек Наурызбаевтың айтуынша, орыс ұлтының технологиясымен тұрғызылған кешеннің өзіндік ерекшелігі бар. Қабырғалары қарағай ағашынан құрастырылғандықтан келген адам табиғи ауа алмасуының арқасында емін-еркін жуынады.
2019 жыл қазалылықтар үшін берекелі болды. Ауданда «Exclusive», «AryNaz» сауда үйлері, «Сулпак» сауда орталығы, «RR», «Орда» мейрамханалары, «Рамазан» супермаркеті, «Аянат» ойын-сауық орталығы, жеке кәсіпкер Қ.Көлдеевтің «Автокөлікке қызмет көрсету» орталығы, өндірістік аймақтан Ә.Әбидің «Жылыжай кешені» пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін көлік жуу кешені, жанар-жағармай құю бекеті тағы басқа да жаңа ғимараттар қосылады деп күтілуде.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
17 желтоқсан 2019 ж. 1 457 0

Аңдушыны алушы жеңе ме?

21 қыркүйек 2024 ж. 69

Төрештің ұлы топ жарып жүр

20 қыркүйек 2024 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30