Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Құран аяты айықтыратын аурулар

Құран аяты айықтыратын аурулар

Адам жаратылысы кейбір қауіп-қатерге төтеп бере алмайды. Дүниеге келген сәби қалпынан бастап, қария жасқа жеткенше ауыр-жеңіл ауру-сырқауға ұшырайтыны белгілі. Бұндайда қазақ менталитетінде жаратушы күшке табыну, одан жәрдем сұрау қалыпты жағдайға айналып кеткен. Бірақ олардың арасында мұндай сенімді медицинаға көрсетпейтіндері жетерлік. Ал дін өкілдері Құдай өзіне жалбарынып, дертіне дауа сұрағандардың бетін қайтармайтынын алға тартады. Осы кезге дейін адамдарда кездесетін көпшілік дерттің уын қайтаратын құран аяттары бізге де жеткен екен. Шынайы, кіршіксіз сенім жүгін ескеріп, олардың бір парасын назарларыңызға ұсынамыз.
Тек қазақ елінде ғана емес, бірқатар мемлекетте қыз қылығы бар жігіттерге теріс көзқарас қалыптасқан. Бірақ бұл құбылыс туа біткен ауруға жататынын көп адам біле бермейді.Еркектің ұрығының хромосомалары әр түсті он екі сақинадан тұратынын білеміз. Егер осы түстер түгелімен ана құрсағына түссе, ер бала дүниеге келеді. Кейде осы түстер тепе-теңдігі бұзылып, дүниеге келетін бала еркектік қасиеттерден ада болады. Ал сақина түстері он екіден артық немесе кем болса, онда қыз бала туылатыны ғылымда дәлелденген.
Мінез-құлқы әйелге ұқсайтын еркектер өздерінің қасиетін жоғалтып, сөздері, дауысы, жүріс-тұрысы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарастары нәзік жандылардікіндей кейіпке енеді. Бұдан айығу үшін ер адам Құранның 4-Ниса сүресінің 34-аятын (Арриджалу кәууәмуна аллан нисай) оқып, оны күнделікті өмірде жиі қайталап жүруі керек. Бұны әсіресе таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейін, кешке ұйықтар алдында оқып, жаратушыдан жәрдем тілесе аурудан айығатыны айтылады.
Қазіргі таңда нашақорлық көптеген зайырлы елдің төбесіне қара бұлт төндіріп отыр. Өйткені адамды ақыл есінен айыратын пәлеге тәуелділер қатары күн санап артуда. Ислам дінінде онсыз да өз денсаулығына қиянат жасағандардың қылығы құпталмайтынын ескерсек, есірткінің есіртуінен арылғысы келетіндер де аз емес деп білеміз. Зиянды әрекеттен арылып, салауатты өмір бастағысы келетіндерді емдеу үшін науқас ұйықтап жатқанда бас жағына келіп, оны оятып алмайтындай дауыспен Құранның 5-Маида сүресінің 90-аятын оқу керек.
“Йа йюхаллазина амну иннаал хамру, Уәлмайсиру уәлансабу уәл азламу, Риджсум мин амалиишайтани фаджтанибуху лааллакум туфлиһун” деген аятты 40 күн бойы қайталауға кеңес беріледі.
Несеп қуығының қабынуы мен зәрде қанның пайда болуының негізгі себептері – бүйректе немесе өтте тас болуы, ыстық тағамдарды, дәмдеуіштерді жиі қолдану болып табылады. Бұл да экологиялық жағдайы нашар өңірдің тұрғындарын одан әрі титықтатып тұр. Аталған кеселдің алдын алу үшін дәмі өткір тағамдарды пайдалануды азайту ұсынылады. Сонымен бірге бір рет Құранның 59 Әл-хашр сүресі, 24-аятын оқыған дұрыс. “Бисмиллахир рахманир рахим, Хуәллаху Алхалику Албариу Алмусавиру, Лахул асмаалхусна” деген тіркестен соң су құйылған ыдысқа үшкіріп, күніне науқасқа 8 рет ішкізіңіз.
Ел арасында “атын айтпайтын ауру” аталып кеткен рак аурулары да өсім алғаны жасырын емес. Сырқат ауыр ойлардың шырмауынан шыға алмай, олардан қалай құтылудың жолын білмей торықса, оның қуаты уланып, қанды зақымдайды. Осының салдарынан ағзада вирустар пайда болады. Бұл бір жерге жиналып, ағзаның қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қуатты жоя бастайды. Індет қанның қызыл түйіршіктерімен қоректенетіндіктен, қан мен ұлпалардағы ақ түйіршіктер көбейіп кетеді. Соның салдарынан ақ қан (лейкемия) ауруы пайда болады. Ағза осы ақ түйіршіктерден құтылу үшін бар энергиясын жұмсайды да, соның себебінен әлсіреп, арықтайды. Түбінде өлім құрсауында қалады.
Рактың басқа түрлерінде вирустар күре тамыр мен көк тамырды зақымдайды. Бұл қан айналысы жүйесіне зиян келтіріп, нәтижесінде адам өліміне алып келеді. Психологиялық тұрғыда ракты сезімтал, нәзік, тәуелсіз, жазылуға сенуді қалайтын ауру деуге болады. Сондықтан науқас адам қатты ұйықтап жатқанда, емші оның қасына оңашада келіп отырып, жылы сөздер айтуы тиіс. Аурумен сыпайы сөйлесіп, жігірлендіріп, кеселді жеңіп шығуын өтіну қажет. Осы тұста жаратушының көмек беретінін айтып, тек шынайы көңілмен жазылып кететініне сендіре алу да маңызды.
Сонымен бірге науқас жанның қоршаған ортаға жіті назар аударғаны дұрыс. Жатқан бөлмені қызыл түспен көмкеру керек. Қабырғалар, перделер, төсек жаймалары, тіпті науқастың киімі де қызыл түсті болуы тиіс. Сондай-ақ 41 парақ қағаздың бетіне қызыл түсті сиямен дұға сөздерін жазған құп саналады.
Адамдардың ішінде әртүрлі себептерден жүйке жүйесінің әлсіреуі пайда болып, тұлғалық қуаты азая бастағанда өз өмірінен өзі күдер үзетін кезеңге тап болады. Өзін-өзі басқарудағы тұрақты қуаттылығынан ауытқиды. Ой-санасын елес көрініс, дыбыстық әсер, сыртқы және ішкі түсініксіз күштер билей бастайды. Бұны медицина мамандары мен дін саласы адамдары есі ауысқандыққа жорамалдайды. Қайғылы-қасіретке ұшырағандарды емдеу үшін Қасиетті Құранның 2-Бақара сүресінің 255-аятындағы «Аллаху ли иллаха илла ху уәл хайюл Қайюм» тіркесін бір рет оқып, күн шығар алдында суға үшкіру құпталады. Осы суды 90 күн бойына ішкені жөн.
Егер науқас адам өз бетінше емделгісі келсе, айтылған дұғаны бір рет оқып, екі қолына дем салып, сосын бетін сипайды. Бұны таңертең күн шықпас бұрын бір рет, кешке ұйқыға жатар алдында тағы қайталау шарт.
Ортамызда қояншық ауруынан қиналып жүргендер көптеп кездеседі. Ондай адамдардың мидағы жасушалары зақымдалуынан ойлау жүйесі шамадан тыс ауытқиды. Осы сәтте науқас суды көретін болса қояншығы тап беріп, есінен тандырады. Ол өзінің ығырын шығарған ойлардан арылғанша талып жатады. Жүйкесі жансызданып, тек біраз уақыттан кейін ғана есін жинауы мүмкін. Бұндайда алғашқы көмек көрсету артықтық етпейді. Басын жерден сәл көтеріп тұрып, сілкілеу керек. Ал есін жинаған кезде оның көзіне қарап тұру арқылы науқастың өзіне-өзі келуіне көмектесе аламыз.
Бұл ауру да Құран дұғаларымен емделеді. Ол үшін қағазға құран аяттарындағы мәтінді жазып, содан кейін сумен шайып, науқас адамға 40 күн бойы таңертең ішкізген мақұл.
Заман дамыған сайын аурудың жаңа түрлері төбе көрсетіп жатқаны жасырын емес. Бірінің емін табуға медицинаның қауқары жетсе, екіншісі тақуалықпен жанына шипа іздейді. Қалай болғанда да ауруға шалдыққан адам сенгіш, әр нәрсеге үміт артқыш болып кетеді. Бұндайда пенденің ақ халаттылардың тәжірибесіне сүйенуі мен Жаратушыға жалбарынудан басқа амалы қалмайтыны ақиқат.
Дайындаған Сартай БАЙЖАН
14 наурыз 2020 ж. 1 653 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 52

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930