Қай елдің аналары бақытты?
Біріккен Араб Әмірліктерінде дүниеге бала келсе оған 50 мен 200 мың доллар аралығында қаржы беріледі. Егер жас отбасының баспанасы болмаса бірден үйдің кілті тапсырылады.
Норвегияда балаларға 18 жасқа дейін жәрдемақы төленеді. Үкімет ай сайын 150 доллар төлеп тұрады. Егер әйел бала босанғанға дейін жұмыс жасамаса, оған 5 мың долларға жуық ақша беріледі.
Кувейтте сәби дүниеге келгенде ақша берілмейді. Алайда бірден банкте есепшоты ашылып, оған 3 мың доллар салынады. Бала 18 жасқа толғанда өзінің жеке капиталы болады. Егер ананың бес баласы болса, әр перзентіне ай сайын 200 доллар төленіп отырады. Бұл жәрдемақы балалар жұмыс жасайтын жасқа жеткенше төленеді. Сондай-ақ, көп балалы отбасының мүшелері өз елінің және әлемнің кез-келген елінде білім ала алады. Шәкіртақысы өзге студенттерге қарағанда 3-есе көп қойылады.
Австралияда көп бала тапқан сайын аналар ақша көп алады. Бала тапқан сайын оған елде бір реттік сыйақы ретінде 3 мың АҚШ долларын береді. Егер ана үшем я болмасам төртемді дүниеге алып келсе жыл сайын сол қаражат балалар 16-жасқа толғанша төленеді.
Австралияда қосымша балаға қарағаның үшін де ақша төленеді екен. Немерелерін қарағаны үшін ата-әжелеріне де қаражат беру жағы қарастырылған. Аптасына 212 доллар беріледі.
Жаңа Зеландияда дүниеге сәби келгенде берілетін бір реттік сыйақы 2160 доллар. Егер әйел аяғы ауыр болғанша жұмыс жасаған болса, ай сайын 1500 доллардан кем жәрдемақы алмайды.
Чехияның аналарына бір реттік сыйақы ретінде 630 доллар төленеді. Бұл ақшаны тек қана ел азаматтары ғана алмайды. Чехия жерінде баласы дүниеге келген отбасы мүшелерінің бірі тым құрығанда заңды бір жыл осы елде тұрған болса, үкіметтің ақшасын алады. Чехтар бала 4–ке келгенше жәрдемақы төлейді. 3 жасқа дейін 150, 3-тен 4 жасқа дейін сексен доллар беріледі.
і.