Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жеті атаға дейін қыз алыспаудың сыры неде?

Жеті атаға дейін қыз алыспаудың сыры неде?

Жеті атаға дейін үйленбеу дәстүрі түркі тектес халықтардың ішінде тек қазақтарда ғана бар дейміз. Неге екенін білеміз бе?
"Жеті Атаға дейін үйленбеу дәстүрі түркі тектес халықтардың ішінде тек қазақтарда ғана бар дейміз. Неге екенін білеміз бе? Осы жайында оқыған бір аңыз әңгімені ұсынбақпын: 15-ші ғасырда Қазақ Хандығы орнап, оны Керей мен Жәнібек хандар басқарғаны белгілі. Бірде Жәнібек ханның ақылшысы, кеңесшісі Жиренше шешен қатты ауырып, төсек тартып жатып қалыпты. Жақын жерлердегі талай белгілі емші, бақсыларды шақыртып қаратса да, еш ем қонбапты. Соңында атақты Өтебойдақ деген емші барын біліп, соны шақырады. Өтебойдақтың емінен кейін Жиренше жазылып, дертінен айығыпты. Жәнібек хан емшіге риза болып, бірнеше сұрақ қойыпты. Көп сұрақтарына қонымды жауаптар алып, соңғы сұрағын қойыпты: — Қандай ауруды емдеу қиын? — Тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиын. — Ал, оның алдын алуға бола ма? — Болады. Жеті Атаға дейін туыс адамдар қыз алыспау керек! Жеті — қазақ үшін қасиетті сан. Өтебойдақ емшінің айтқанын Жәнібек хан жадына тоқып, халыққа жеті атаға дейін үйленуге тиым салыпты. «Кімде кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін» деген жарлық шығыпты. Содан бергі қазақ хандары да осы жарлықты бұлжытпай орындап отырыпты. "Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген содан қалған.

Енді жеті Ата қалай аталатына келсек, газет-журналдарда да, кітаптарда да жеті Атаның ұрпақтарын көбіне былай бөліп келеді:

1. Түп ата
2. Тек ата
3. Баба
4. Арғы ата
5. Ата
6. Әке
7. Бала
8. Немере
9. Немелтай
10. Шөбере
11. Шөпшек
12. Немене
13. Жүрежат
14. Туажат
15. Жекжат
16. Жұрағат
17. Қаймана.

Қазақтарда өзара құдандаласу – туажаттан басталады. Шежірелерімізді біле жүрейік!", - делінген жазбада.

27 тамыз 2019 ж. 1 738 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930