Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Данабек дара шықты

Данабек дара шықты

21 маусым күні қазалылық түлектер ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын тапсырды. Оған мектеп бітіруші 656 түлектің 545-і қатысты. 90 оқушы 100-ден жоғары балл жинады. Орташа көрсеткіш 83,2 прцентті құрады. Ең жоғарғы – 131 балл жинап, аудан бойынша көш бастаған – Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің түлегі Данабек Ділжанов.

Данабек төрт жасынан бастап газет-журнал оқып, сандарды қоса білетін дарынымен ерекшеленді. Мектеп табалдырығын аттаған күннен үлгілі тәртібі мен білім алуға деген құштарлығы арқылы көзге түсті. Сабақта үздіктігімен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын. Ол отбасының кенжесі. Әкесі Орынбай теміржол саласында еңбек етсе, анасы Мирамкүл ауданаралық орталық аурухананың балалар бөлімінде аға медбике.
«Данабек математика-география пәндерін таңдады. Үйдегі бір бөлменің қабырғасына өзі қолымен сызған географиялық карталармен жыл бойы дайындалды. Сабақтан бос уақытында үнемі кітап оқып, тапсырмаларын пысықтайтын. Еткен еңбегі еш кетпеді. Математикадан 38, географиядан 34 балл жинады.
Болашақта қалаған жоғары оқу орнының түлегі атанады деген үміттеміз», – дейді бізбен қуанышын бөліскен анасы Мирамкүл Ділжанова.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

24 маусым 2019 ж. 2 984 0

Берекелі жәрмеңке

29 қазан 2025 ж. 179

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031