Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздар үміті ақталды

Ұстаздар үміті ақталды

Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағында Қазалы ауданы бойынша ең жоғары ұпайды Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің түлегі, «Алтын белгі» иегері Еркін Рат жинады.
1-сыныптан бастап алғырлығымен көзге түскен Еркін Қазбекұлының болашағынан ұстаздары үлкен үміт күтіп, келешегіне зор сеніммен қарайтын. Бала күнінен Экономист болуды армандаған Еркін математика пәнін ерекше сүйіп оқыды. Мектеп-лицей қабырғасында жүрген кезде-ақ, Алматы қаласындағы Сүлеймен Демирел атындағы университеттің грантын жеңіп алған білімді шәкірт тестілеу кезінде өзі таңдаған география және математика пәндерінен 40 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берді.
«Ең сүйікті пәнім математика. Көбіне ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына үйде дайындалдым. Осындай жетістікке жетуіме себерші болған сынып жетекшім әрі математика пәнінің мұғалімі Ғани Берінбаев. Мамандығымның білікті маманы болғым келеді. Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінен экономист мамандығын меңгеруді жоспарлап отырмын», – дейді Еркін.
Еркін отбасындағы үш баланың ортаншысы. Әпкесі Дана Жолмырзаева №249 мектеп-лицейді үздік аттестатқа бітіріп, тестілеу сынағында 125 баллдың 115-ін жинаған. Қазір Алматыда Қазақ ұлттық университетінде «Шет тілі» мамандығы бойынша жоғары білім алуда. Ал қарындасы Ақерке №249 мектеп-лицейдің оқушысы. Алтын белгіге үміткер. Әкесі Қазбек теміржол саласында жұмыс істесе, анасы Қалдыгүл Ж.Жабаев атындағы №234 мектеп мұғалімі.
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ

13 шілде 2018 ж. 2 822 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 46

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 41

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 42

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 41

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 37

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031