Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз болашақ – қоғам үні

Есірткісіз болашақ – қоғам үні

Сурет Жасанды интеллект арқылы жасалған
Қазіргі таңда есірткі мәселесі бүкіл қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі. Есірткі адам өміріне, денсаулығына және болашағына үлкен қауіп төндіретін зиянды зат.
Жас ұрпақ – еліміздің ертеңі, болашағымыздың тірегі. Әрбір жас сапалы білім алып, жақсы маман иесі болып, еліне пайдасын тигізуді армандайды. Алайда зиянды әдеттер мен есірткіге тәуелділік осы мақсаттарға жетуге тосқауыл болады. Кейбір жастар қызығушылықтың немесе ортаның ықпалының салдарынан өз өміріне қауіп төндіретін әрекеттерге баруы мүмкін. Сондықтан әр адам кез келген жағдайда өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, жаман әдеттерден бас тарта білуі керек. Нағыз күш – зиянды нәрсеге еруде емес, өз ұстанымыңды сақтай білуде.
Болашақ-жастардың қолында. Жастардың білімді, тәрбиелі, дені сау болып өсуі еліміздің дамуы үшін өте маңызды Бір сәттік қызығушылық бүкіл болашаққа зиянын тигізуі мүмкін. Есірткісіз болашақ құру үшін ең алдымен отбасындағы тәрбиеге, мектептегі білімге және қоғамдағы түсіндіру жұмыстарына көңіл бөлуі қажет. Ата-ана баласымен ашық сөйлесіп, оның бос уақытын тиімді өткізуіне көмектесуі керек, ал мектеп оқушыларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіріп,түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыруы қажет.
Біз бос уақытымызды спортпен айналысуға, кітап оқуға, өнер үйренуге және білімімізді жетілдіруге арнауымыз керек. Өйткені дені сау ұрпақ-елдің жарқын болашағы. Менің ойымша, есірткісіз қоғам құру тек бір адамның немесе бір мекеменің міндеті ғана емес, бұл-баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Әр адам есірткіге қарсы болып, айналасына дұрыс бағыт көрсете білсе, қоғамымызда қауіпсіз бола түседі.
Қорытындылай келе, есірткісіз болашақ-бақытты өмірдің кілті. Біз есірткіге емес өмірге таңдау жасауымыз керек.Біздің болашақ-өз қолымызда.Сондықтан есірткісіз қоғам қалыптастыру–әрбір азаматтың міндеті.
Кәусар ӨТЕБАЛЫ,
Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы
17 орта мектебінің 8 сынып
оқушысы
05 қараша 2026 ж. 6 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30