Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар есірткіге қарсы

Жастар есірткіге қарсы

Жас тілші: Қазіргі таңда есірткі мәселесі өте өзекті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, жыл сайын 500 мыңнан астам адам есірткіге байланысты қайтыс болып жатыр. Бұл мәселе Қазақстанда да, әсіресе жастар арасында өзекті болып отыр. Осы мәселе бойынша мектеп оқушыларынан сұхбат алсақ. Есірткі жайлы өз ойыңызды айтсаңыз?

10 “А” сынып оқушысы Ораз Айдархан: Есірткінің құрамында көптеген химикат бар, және оны қолдануға кеңес бермеймін. Ол адам денсаулығына өте зиян келтіреді.

Жас тілші: Сәлеметсіз бе, есірткі жайлы өз ойыңызды айтсаңыз?

10 “А” сынып оқушысы Асылбекұлы Данияр: Есірткі қазіргі таңда ең қауіпті нәрселердің бірі. Әсіресе ол жастар арасында тез тарап жатыр. Есірткіні пайдалану денсаулыққа да, білім сапасына да, болашаққа да өте зиян. Мен оны пайдаланбауға кеңес беремін. Біз есірткіге қарсымыз!

Жас тілші: Есірткінің алдын алуға қандай шаралар ұсынасыз?

10 “А” сынып оқушысы Асылбекұлы Данияр: Есірткінің алдын алу үшін жастарды дұрыс тәрбиелеу керек. Егер ата-ана балаға дұрыс тәрбие беріп, есірткінің зиян екенін, спортпен шұғылдану қажет екенін және білімнің маңызын түсіндірсе, жастар салауатты өмір салтына бейімделіп, жақсы азамат болып өседі. Бұл олардың болашағының жарқын болуына ықпал етеді.

Жас тілші: Жауабыңызға рақмет, біраз мәлімет білдік.
Жақсы, сау болыңыз!
Мағжан Махамбетжан,
Ғ.Мұратбаев атындағы
№17 орта мектептің 10 А сынып оқушысы
22 қаңтар 2025 ж. 296 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 134

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 148

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 146

Бюджет түсімі артты

17 қаңтар 2026 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031