Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Кітап оқитын ұлт" жобасы

"Кітап оқитын ұлт" жобасы

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту, зерделі ұлт қалыптастыру және шығармашыл, жасампаз және бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау мақсатында, 2026 жылы «Кітап оқитын ұлт» жобасын еліміздің барлық өңірлерінде кең көлемде жүзеге асыру жоспарланды.
«Кітап оқитын ұлт» жобасы – Қазақстан Республикасы халқының арасында тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни және талдамалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты барлық жас және әлеуметтік топтар арасында білім көзі ретінде танымал етуге бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама.
Аталған жоба өңір тұрғындарының мәдени және рухани дамуына оң әсерін тигізіп, кітапханалардың, білім беру және мәдениет ұйымдарының қызметін жандандыруға, сондай-ақ қоғамда білім мен кітап құндылығын дәріптеуге мүмкіндік береді.
«Кітап оқитын ұлт-» жобасын іске асыру мақсатында «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны 2026 жылдың қыркүйегінен басталып, 2027 жылдың наурыз айында аяқталады. Осы аралықта қатысушылар әр бағыт бойынша таңдап алып, 15 кітапты оқып шығады.
Қазіргі таңда Сіздерге «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонының https://reading-nation.kz/ сайты техникалық режимде іске қосылғанын хабарлаймыз.
27 қазан 2026 ж. 177 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031